28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Нәрестеге ат қоюға кім құқылы әрі лайықты?

Нәрестеге ат қоюға кім құқылы әрі лайықты?

Исламдағы отбасы
Жарнама

Балаға ат қоюға ең бірінші кезекте құқылы – ата-анасы.  Егер  олар  ортақ  бір  шешімге  келе  алмаса, әкенің құқығы жоғары тұрады. Сондықтан әкесі қаласа сәбидің  атын  өзі  қояды  немесе  жұбайына  ұсынады. Қаласа, екеуі өзара жеребе тастау арқылы бұл мәселені шеше алады.

Баланың атын қоюға оның әкесі лайық екендігіне кез  келген  адамның  аты  оның  әкесінің  атымен  (мысалы,  Төлегенұлы  Айбар  деген  сияқты)  қосарланып айтылатындығы  дәлел  болады.  Бұл  жайында  Құран Кәрімде Алла Тағала былай дейді:

«Оларды (яғни, асыранды балаларды) әкелерінің аттарымен қосып атаңдар, Алланың алдындағы ең әділі – сол» («Ахзаб» сүресі, 5-аят).

Мұндағы  аятта  асыранды  балаларға  қатысты айтылғанмен,  жалпы  мағынада  балалардың  аттары өзінің әкесінің атымен қосылып айтылуы ең әділ ұстаным екендігін білдіріп тұр.

Сондай-ақ, ақыретте де барша адам баласы өзінің әкесінің атымен шақырылады екен. Бұған қатысты Әбу Дәрдадан  (р.а.)  жеткізілген  хадисте  Алланың  елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

«Сендер Қиямет күні өздеріңнің есімдеріңмен және әкелеріңнің есімдерімен шақырыласыңдар, сондықтан да есімдеріңді жақсартыңдар», – деген. Сондықтан баланың  атын  таңдап  қоюға  ең  бірінші  оның  әкесі лайықты.

Дей  тұрғанмен,  әке-шешесі  баланың  атын  қоюға басқаларға  рұқсат  бере  алады.  Мысалы,  атасына, әжесіне немесе әулеттегі құрметті ақсақалға, яки болмаса танымал тұлғаға т.б. Әрдайым үлкендерді құрметтеп тұратын  қазақы  салт-дәстүр  бойынша  баланың  атын көбіне  ата-әжелер  қойып  жатады.  Осы  тұрғыдан алғанда,  бұл  –  дұрыс  дәстүр.  Сондай-ақ,  жоғарыда айтып өткеніміздей, баланың атын аса қадірлі, тақуа, ізгі  жандарға,  ғалымдарға  қойдырған  жөн.  Көптеген сахабаның балаларының  аттарын  Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қойған. Мысалы, «Ұлыңның атын Абдуррахман деп қой», «Абдулла деп ата» деген секілді хадистер көп.

материал «Ислам ғылымхалы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: