26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ислами жанұя дегеніміз қандай болады?

Ислами жанұя дегеніміз қандай болады?

Исламдағы отбасы
Жарнама

Ана, әке және балалардан тұратын отбасы, үйлену және ағайындық қарым-қатынас арқылы, ерлі-зайыптылық, балалар және бауырлар арасындағы қарым-қатынастардың негізін құрайтын қоғамның ең кіші бірлестігі болып табылады. Отбасы шынында қарапайым бір қоғамнан ғана тұрады. Расында отбасы, тек қана белгілі кісілердің арасындағы қарым-қатынастарының негізін құрайтын қоғамның ең кіші бөлігі.

Әрине сөздіктер бір оқиғаның, бір бірлестіктің, бір жағдайдың және ерекшеліктің тек қана сыртқа көрінетін кейбір ерекшеліктерін негізге ала отырып түсініктеме береді. Бірақ, бұл түсініктемелер сол оқиғаға, бірлестікке және ерекшелікке шамалап түсініктеме бергендіктен, көбінесе отбасының іргетасы саналатын ерекшеліктер айтыла бермейді. Сол себепті отбасы терминіне ауқымды түсініктеме беру қажеттілігі туындайды.

Адам баласына қатысты кейбір кемшіліктерді қамтитын бұл түсініктемені, Ислам дінінің отбасы туралы берген түсініктемесімен салыстырып қарайтын болсақ, Ислам дінінде отбасының қалыптасуында маңызды рөл ойнайтын көріністер бірінші кезекте орын алады. Бұл көріністер, жан тыныштығы, махаббат және мейрімділік шеңберінде бірігуі мүмкін.

Алла, адамның жаратылысында орын алған көріністі Құран Кәрімде былай деп баяндайды: “Сендерге, оған тұрақтауларың үшін өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңа сүйіспеншілік, мейірімділік пайда қылғандығы да Оның белгілерінен. Сөз жоқ, осыларда ойланған елге белгілер бар” («Рум» 30/21)

Олай болатын болса, бір Ислам отбасының ең негізгі ерекшелігі, сол отбасының тыныштық мекені және махаббат пен мейрімділік ошағына айналады. Балалар осындай тыныштық пен береке бар болған отбасында тәлім-тәрбие көріп өседі және араларындағы сыйластықпен, мейірімділік нәтижесінде өнегелі тұлға болып қалыптасады.

Ислам отбасының ерекшелігі – отбасындағы ата-ана құрметке ең лайық жандар болып есептеледі. Оларды қолдан келгенше ренжітпеу керек. Шариғат рұқсат еткен шеңберде айтқандарын орындау керек. Бұл мәселеде шариғат кеңінен тоқталады және Құран Кәрімде, Аллаға иманнан кейін, ата-ана құқығы туралы былай баяндайды:

“Раббың, өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе: “Түһ” деме (кейіс білдірме). Сондай-ақ ол екеуін зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле. Ол екеуіне кішірейіп мейірім құшағын жай да: “Раббым! Ол екеуі мені кішкентайымда тәрбиелегендей, Сен де оларды мейіріміңе бөлей көр!” де («Исра» 17/23).

“Келіңдер, сендерге Раббыларыңның арам еткендерін түсіндірейін: «Оған еш нәрсені серік қоспаңдар, әке-шешеге жақсылық істеңдер, кедейліктен балаларыңды өлтірмеңдер! …” («Әнам» 6/151)

Тағы да шүкірдің тек қана өзіне тән екенін бұйырған Алла, бұл жерде ата-анаға да шүкір етілетінін баяндайды, онымен қоса, ата-ананың дәрежесінің қаншалықты жоғары екенін көрсетеді:

“…. Біз, ‘Маған және ата-анаңа шүкір ет.’ деп адамдарға насихат жасадық” («Локман» 31/14).

Жоғарыда айтылғандай «ата-ананың барлық қалаулары орындалады» дегенде, бұл әмірді «Шариғат рұқсат еткен шеңберде айтқандарын орындау керек» деген шартпен ғана болады. Құран осы шариғат рұқсат еткен шеңберді ауқымды түрде «Ислам құндылықтары және үкімдері» ретінде белгілейді және былай деп бұйырады:

“(Мұхаммед Ғ.С.): «Егер әкелерің, балаларың, туыстарың, әйелдерің, ағайындарың, тапқан малдарын, тоқтап қалуынан қорыққан саудаларын, жақсы көрген үйлерің сендерге Алладан, Пайғамбарынан әрі Оның жолында соғысуынан артық көрінсе, Алланың әмірі келгенге дейін күтіңдер» де. Алла бұзық қауымды тура жолға салмайды” («Тәуба» 9/24).

Олай болатын болса, Алла және Пайғамбардың (с.а.у) әмірлеріне және осы жолда күш жігер жұмсауға қайшы келетін ата-ананың қалауларын мұсылман ретінде қабылдамау керек. Бұл мәселеге байланысты басқа бір аятта мына әмір орын алады:

“Егер екеуі білмеген нәрсеңді Маған ортақ қосуға мәжбүрлесе, Оларға бағынба! Олармен осы дүниеде жақсы мәміледе бол да, Маған құштар адамдардың жолына түс. Сосын барар орындарың Мен жақ; сонда істеген істеріңді баян етемін” («Локман» 31/15).

Жоғарыдағы аятта, негізінде отбасының әрі ішкі қарым-қатынасын, әрі сыртқы қарым-қатынасын, яғни, қоғамға байланысты қарым-қатынасты Ислами құндылықтармен және үкімдерді негізге ала отырып, бағыт бағдар беруді бірінші кезекке қояды. Бұл дегеніміз: Ислами отбасы деп, Алланың әмірі және Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетіне сай әрекет етіп, өмір сүретін отбасыны айтады.

Мұсылман отбасының ерекшеліктерінің тағы біреуі – ата-ананың балаларына Алланың бір аманаты ретінде қарап, олардың арасын алаламай және кемсітпей бағып қағу. Баланы беруші және оның ұл, әлде қыз екенін анықтайтын Ұлы Жаратушы:

«Аспан мен жердің иелігі Аллаға тән. Қалағанын жаратады. Кімге қаласа қыздар, кімге қаласа ұлдар береді. Немесе ұлдар мен қыздарды жұп-жұбымен береді. Сондай-ақ қалағанын бедеу қылады. Күдіксіз Ол, толық білуші, аса құдіретті» («Шура» 42/49-50).

Ұлы Жаратушы, ата-анадан баланы көзінің қарашығындай қорғап және жақсылап тәлім-тәрбие беріп, оларды тозаққа кету қаупінен арашалап қалуды талап етеді: «Сондай ақымақтық, білместікпен балаларын өлтіргендер, Аллаға қасарысып, Алланың өздеріне берген несібесін арам еткендер зиянға ұшыраған. Олар адасқан әрі тура жол да таппайды» («Әнғам» 6/140) «Әй мүміндер! Өздеріңді әрі үй-іштеріңді отыны адамдар мен тастардан болған оттан қорғаңдар!» («Тахрим» 66/6).

Отбасы өмірінің мәнімен сәні болған балалар, негізінде осы дүниеде әрбір ата-ананың жүздесетін сынақтарының бірі деуге болады. Өйткені, ата-ананың балаларға беретін тәрбиесі, олардың тұлға болып қалыптасуына үлкен үлес қосады. Сондықтан, оларға берілген жақсы тәрбиелеріміз о дүниеде жетістіктерге жетуімізге себепші болады. Құран аяттарында бұл туралы былай деп баяндалады: «Негізінде малдарыңды және балаларыңды сын деп біліңдер. Алланың қасында зор сыйлық бар!» («Әнфал» 8/28)

“Әй мүміндер! Сендерді малдарың, балаларың Алланы еске алудан тоспасын. Әлде кім бұны істесе, міне солар, зиян тартушылар” («Мунафиқун» 63/9).

«Мал мен балалар, дүние тіршілігінің сәні. Ал мәңгі бақи қалатын игіліктер болса, Раббыңның қасында; табыс бойынша да жақсы әрі үміт тұрғысынан да жақсы» («Кәһф» 18/46).

Ислам құқығындағы отбасы парасаттылықпен даналықпен балаларға тәлім тәрбие береді. Лұқманның осы мәселеде баласына қалдырған өсиеттері, Құран Кәрім арқылы өнеге болуы үшін бізге де жеткізілді: (Лұқман): “Әй ұлым! Тарының салмағындай болса да, бір жар тастың ішінде болса да, көктерде не жерде болса да, Алла оны (қиямет күні) келтіреді. Расында Алла өте мүлайым, толық білуші. Әй ұлым! Намазды толық орында. Дұрыстыққа бұйырып, бұрыстықтан тый. Басыңа келген ауыршылыққа сабыр ет. Рас бұлар маңызды істерден. Адамдарға паңсып, қырындама да жерде кердеңдеп, жүрме. Расында Алла, бүкіл дандайсыған мақтаншақты жақсы көрмейді. Жүрісіңде орташа бол да даусыңды бәсеңдет. Сөз жоқ, дауыстардың ең жаманы есектің дауысы” («Лұқман» 31/16–17)

Сондай-ақ, сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у): «Ешқандай ата-ана, баласына жақсы тәрбиеден артық ешнәрсе бере алмайды» деп бұйырып, тәрбиенің маңыздылығына мән берген.

Исламдағы отбасының басқа бір ерекшелігі – әрбір отбасының мүшелері арасындағы қарым-қатынасты сауапты іс ретінде қабылдайды. Өйткені, отбасы мүшелерінің міндеттері, Құран Кәрімде баяндалған, сонымен қатар Пайғамбарымыздың (с.а.у) сүннетінде ерлі-зайыптылардың міндеттері шариғи тұрғыда қарастырылып және осы мәселелер жөнінде мұсылмандар ескертілген. Ниса сүресінің келесі аятында осы міндеттерге жалпы тоқтала отырып, былай делінеді:

“Алла, біріңді-біріңнен артық қылды. Сондай-ақ олар; малдарынан да пайдаландырады. (Әйелдерге мәһр, напәқа береді.) Ал енді жақсы әйелдер; бой ұсынушылар, Алла қорғауға бұйырған көмескі нәрселерді (абыройын) қорғаушылар” («Ниса» 4/34).

Ал, Хз. Пайғамбарымыз (с.а.у) «Барлықтарың шопансыңдар/жауаптысындар» деген хадисінде: “Сіздерден әрбіріңіз жауапқа тартыласыздар және әрбіріңіз қол астындағылардан жауапқа тартылады. Мемлекет басшылары қол астындағы адамдардан сұраққа тартылады.Үйдің отағасы отбасының мүшелерінен жауапқа тартылады. Үйдің әйелі, ерінің үйінің ішіндегілерден жауапты және осылардың басқарылуынан жауапты.  Қызметкер басшысының мал мүлкінен жауапты және осылардың басқарылуынан жауапты” (Бұхари, “Жұма”, 11; Муслим , “Имара”, 20).

Басқа бір хадисінде: «Сіздердің ең жақсыларыңыз отбасына жақсы қарым қатынаста болғандарыңыз. Мен де отбасыма жақсы қарым қатынаста боламын.» деген Пайғамбарымыз (с.а.у) этика, эстетика, жыныстық және т.б. міндеттерді атқаруды, «жақсылық нышаны» ретінде қарастырады.

Кей-кезде ерлі-зайыптылар арасында болатын реніштер, осы жауапты міндеттің атқарылуына және отбасының қирауына ешқандай тосқауыл болмауы керек («Ниса» 4/19).

Құран Кәрімнің басқа да аяттарында, ерлі-зайыптылар арасында пайда болатын түсінбеушіліктер, дереу ажырасуларына дәнекер болмауы тиіс. Керісінше, болып өткен жағдайлардың тез ұмытылуы және кешірімшіл болуы талап етілген.

ummet.kz

Бөлісу: