25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Үлкен әріппен жазылатын Еркектер

Үлкен әріппен жазылатын Еркектер

Исламдағы отбасы
Жарнама

Ер азаматтық – өмірдің кез келген жағдайында намысы мен абыройын сақтауға, өзін пайдасыз әрі әуре-сарсаң істерден алыс ұстауға итермелейтін қабілет.

Мұхаммед Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір кездері тарих беттерінде болмаған үмбетті тәрбиелеп шығарды. Болуы да екі талай. Олар үлкен әріппен жазылатын Еркектер еді. Олар қауіп-қатерге қарамастан жанын да, дүние мүлкін де тәрк етуге асығатын. Және еңбекпен тапқанын алуға келгенде асықпайтын. Уәде оларды еліктірмеді, ал қауіп қорқытпады. Жеңістеріне азғырылмады, жеңілісте еңсесін түсірмеді. Сондықтан, осындай дәрежеге жетемін деген адам – Пайғамбарды (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ұстаз тұтқаны абзал.

Өз проблемасы ми сүйектеріне дейін жеткен адам Исламға не бере алады? Олардың данышпандығы – нәпсіқұмарлық, олардың өмірбаяны – өтпелі дүниенің соңындағы бітпейтін қуғыншылық. Олар өз күштеріне сенбейді және Аллаға тәуекел етпейді. Отанды, тілді, дінді қорғау кімге міндет? Сіздің ойыңызша, дінді тек имамдар тарату керек пе? Тілді тек шенеуніктер қорғай ма? Жо-жоқ, бұл әрбір ер азаматқа жүктелген міндет, қиянат жасауға болмайтын аманат. Біреу келіп көмектеседі деп күтпеңіз. Алла сізді әлдеқашан отарыңызға «бақташы» етіп қойған.

ummet.kz

 

Бөлісу: