27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Үй шаруасындағы әйелдер бақытты ма?

Үй шаруасындағы әйелдер бақытты ма?

Исламдағы отбасы
Жарнама

Үй шаруасындағы әйел болу қиын ба? Жұмысқа барып келудің қажеті жоқ, ұйқыны қандырып, сүйікті істермен айналысуға болады деп ойлайсыз ба? Ендеше нәзік әйелдерге тапсырылған жұмыстың әсерін біліңіздер.

Бір жылда үй шаруасындағы әйелмен жуылатын ыдыс-аяқ салмағы - 5 тонна.

Үстелден ыдыс жуатын раковинаға дейін жыл сайын қарапайым әйел 1500 километр өтеді екен (кішкентай ас үйде болса да).

4 мүшеден тұратын отбасының анасы жыл сайын 18 мың рет қасық, 13 мың рет тәрелке, 8 мың рет шыны жуады екен. Тағы таба, кастрөлдер  бар.

Үй шаруасындағы әйелдің күнделікті үй жинау, тамақ әзірлеуге кететін күші футболисттің қатарынан екі матчқа кеткен күшімен не 80 километр айдап өткен велосипедисттің шаршағандығымен тең екен.

Қазақ отбасында үйде отыратын әйел өте сыйлы, қадірі бар ана саналады. Себебі кешке үйінің адамдары келгенде үй іші таза, тамақ дайын болып тұрады. Ханафи мәзһабы бойынша әйелдің діни тұрғыдан күйеуіне қызмет етуі – уәжіп. Яғни үйді сыпыру, кір жуу, тамақ пісіру т.б. үйдің шаруасына қатысты жұмыстарды істеуі тиіс. Бұл ғасырлар бойы әдет-ғұрып бойынша қалыптасып келе жатқан әйелдің ері алдындағы міндеті. Оған Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Әли мен Фатима анамыздың арасына төрелік етіп, түздегі істерді Әлиге тапсырып, үй ішіндегі қызметтерді Фатиманың атқарар шаруасы деп белгілегені дәлел болады.

ummet.kz

Бөлісу: