26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қызды қандай ер адамға ұзату керек?

Қызды қандай ер адамға ұзату керек?

Исламдағы отбасы
Жарнама

Бізден бұрын өмір сүрген және ең жақсы жар бола білген ізгілер жар таңдаудың әдістерін, қағидаларын, маңызын жан-жақты айтып кеткен. Әсіресе, күллі тіршіліктің Иесі болған Алланың көкейіне құйғанын ғана сөйлейтін Мұхаммед Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өсиеттері әр адамға дұрыс бағдаршам болмақ.

Егер адам баласы сол салихалы салтымызға сіңген, имандылыққа құрылған қайталанбас қағидалар бойынша жүрсе, онда үйлену аса түсіністікпен, сүйіспеншілікпен орындалар еді. Нәтижесінде, олардан дүниеге келетін ұл-қыздар иманды, көркем мінезді, ибалы болмақ.

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисте: «Егер сіздерге дініне, мінез-құлқына риза болатын (жігіт қыздарыңызды сұрап) келсе, (қыздарыңызды) оған беріңіздер. Егер олай істемесеңіздер, жер бетінде іріткі кеңінен етек жайған бұзықтық болады» делінген (Тирмизи). Өйткені, Алладан қорыққан ер әйелді Алланың аманаты деп біліп, қиянат жасаудан сақтанады. Сондай жігіт қана отбасын асырау, ерлі-зайыптылық хақтарын орындау, балаларын тәрбиелеу, намысты қорғау, үйді қажетті нәрселермен қамтамасыз етудегі міндеттерін толық орындайды, құлшылығына көмектеседі.

Әйгілі ғұлама, табиғин Хасан Басриге (Алла оған разы болсын) біреу келіп: «Менің бойжеткен бір қызым бар. Соған құда түсіп жатқандар бар. Қызымды кімге берейін?» деп сұрайды.

Ол: «Қызыңды Құдайдан қорқатын жанға бер! Егер қызыңды жақсы көріп, көңілі жарасса құрмет көрсетеді. Ал егер көңілі жараспай, сүймей қалса тым болмаса қызыңа зұлымдық жасамайды» деген екен.

ummet.kz

Бөлісу: