26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Жүз мектеп бере алмайтын әке тәрбиесі

Жүз мектеп бере алмайтын әке тәрбиесі

Исламдағы отбасы
Жарнама

Адам баласы – Алла Тағала жаратқан жаратылыстың ішіндегі ең  ұлысы. Олай болса, осы адамзат ұрпағын Хақ Тағала ата-ана дәнекерлігімен көбейткен. Кез келген адам үшін дүниеде ең қымбат жандар – туған ата-анасы. Бұл қымбатты жандарды Алла Тағаланың Өзі аяттарда дәріптеген. Демек оларға құрметпен, жауапкершілікпен қарау міндеті балаға жүктелген. Сондықтан да Ұлы Жаратушы ата-анаға лайықты дәрежеде құрмет пен жақсылық жасауды Өзінен кейiнгі кезекке қойған. 

Аяқ киімін киіп, үлкендігінен сүрініп жығыласың,

Көзілдірігін тағып: «Мен әкемін», дейсің,

Мәшинесінің кілтін қоймай сұрап алып, рөлге қолың тигенде өзіңді үлкен сезінесің,

Болмайтын сұрақтар қойып, мазалайсың,

Жұмыстан шаршап келгенде алдынан шығып: «Маған не әкелдіңіз?» дейсің,

Күннің ыстық-суығы мен жол кептелістері болдыртса да дүкенге шығып, өтінішіңді орындауға тырысады,

Өзге балалардың алдында онымен мақтанасың,

Ал, бүгін...

«Ескі мода» деп киген аяқ-киімін кимейсің,

Көзілдірігіне мүлдем көз салмайсың,

Кезінде достарыңның алдында мақтанған киімдерін, тұтынған заттарын, мәшинесін қазір менсінбейсің, жүріс-тұрысын, қылықтарын жақтырмайсың, оны достарыңа көрсетуге намыстанасың,

Кешіксең уайымдайды, уайымдағанын саған білдірмейді, телефон соқса ренжисің, кеш келсең жанашырлықпен ұрсады, жауап қайтарасың, даусыңды көтересің, үнсіз қалады, сенен қорыққаннан емес, күтпеген соққы алғандай әсерде қалады,

Кеше бала едің, мойнына көтеретін, бүгін сен одан биіксің (ұзынсың),

Кеше сөздерден қателесіп, әріптерді шығара алмайтын едің, бүгін әкеңді сөзден шатастырып сөз қайтарасың, алдын орайсың,

Ұмыттың, қанша жиренсең де ол сенің әкең!

Балалығыңды, білместігіңді, тентектігіңді көтеретін, бүгін оның қарттығын, аурушаңдығын көтер,

Тоғыз ай бойы дүниеге келгеніңді күткен еді, туылғаныңда қуанышпен қарсы алып еді, енді оған қабақ шытып, кетуін қалау көргендігіңнің дәлелі емес. Болып-толып, өскендігіңнің белгісі емес.

Байқа!... Әке-шешеге не істесең – бала-шағаң саған соны істейді.

Адам ата-анаға көрсеткен ісінің пайда-зиянын бұл дүниеде көрмей өмірден өтпейді!

ummet.kz

Бөлісу: