26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Отбасындағы ұрыс-керістің алдын алатын дұғалар

Исламдағы отбасы
Жарнама

Отбасының тұтастығын, шаңырақтың шайқалмауын қамтамасыз ету үшін әйел мен ер адамға ортақ, бірігіп сақтауы тиіс құндылықтар бар. Бұл құндылықтар тиісті деңгейде сақталғанда ғана құрылған отау берекелі болмақ. Ал сіз отбасындағы ұрыс-керістің, түрлі жанжалдың алдын алатын дұғаларды білесіз бе? Төмендегі мына дұғалар топтамасын өз игілігіңізге пайдаланыңыз.

Отбасыңыздың татулығын арттырғыңыз келсе, мына дұғаны оқыңыз:

Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жұбайлардың бір-біріне көңілі толмай, ренжіскен сәттерінде Алладан екеуінің арасындағы сүйіспеншілікті одан әрі арттыруды сұрап, дұға етуге кеңес берген. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  түнде оянған сәттерінде Айша анамыздың (оған Алла разы болсын) қолынан ұстап осылайша дұға еткен.Сондай-ақ, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мен сахабалары жұбайлары мен өздері үшін дұға ететін болған.

«Раббымыз! Жұбайларымызды және ұрпақтарымызды көзіміздің қуанышы ет әрі бізді тақуалардың алды ете гөр!» («Фұрқан» сүресі, 74-аят)

«Роб-бә-нәә һәб-лә-нәә мин әз-уәә-джи-нәә уә зур-ри-иәә-ти-нәә қур-ро-тә әъ-иу-ниу уәдж-ъәл-нәә лил-мут-тә-қии-нәә-и-мәә-мәә».

 

Отбасылық шешімдерді қабылдайтын кезде оның оң нәтиже бергенін қалайсыз ба? Ендеше оған мына дұғаның көмегі көп.

«Я, Алла, шын мәнінде, мен Сенің құлыңмын. Сенің құлың мен күңіңнің ұлымын. Менің тағдырым Сенің қолында. Сенің шешімің маған міндет әрі маған шығарған үкімің әділ. Саған тән болған барлық есімдеріңмен, Өзінді атаған немесе Кітабыңда түсірген, немесе жаратылғандарыңның біріне үйреткен, немесе Өзіңнен басқаға құпия еткен барлық есімдеріңмен Өзіңе жалбарынамын: Құранды жүрегімнің көктемі, кеудемнің нұры, әрі мазасыздығым мен уайымымды әкетуші ете гөр!»

«Аллаһуммә, инни ‘абдукә, ибну ‘абдикә, ибнуәмәтикә, нәсыйяти би-йәдикә, мәдынфийәхукмукә, ‘адлун фи-йәқадоукә, әс-әлукә би-куллиисминһууәләкә, сәммәйтәбиһинәфсәкә, әуәнзәлтәһу фи китәбикә, әу ‘алләмтәһуәхәдән мин халқикә, әуистә'сәртәбиһи фи ‘илми-л-ғайби ‘индәкә, әнтәж’алә-л-Қур'әнәраби’ақалби, уәнурасадри, уәжәлә-ә хузнииуәзәһәбәһәмми!» (Ахмад).

 

Отбасына келген кез-келген қиындықтан құтылу дұғасы мынадай:

«Я, Алла! Расында, мен Саған уайым-қайғыдан, әлсіздік пен жалқаулықтан, сарандық пен қорқақтықтан, қарыздың ауыртпалығы мен адамдардың қыспағынан Өзіңе сиынамын!»

«Аллаһуммә, инни ә’узу бикә минәл һәмми уәл-хәзәни, уәл-’ажзи уәл-кәсәли, уәл- бухли уәл-жубни, уә долә’и-д-дәйни уә ғаләбәтир-рижәл» (Бұхари).

 

Жарыңыздың қырсық мінезі үшін оқылатын дұға:

Қырсық әйелдің кесірінен Аллаға сыйыну туралы Әбу Һурайра (Алла оған разы болсын) былай дейтін: «Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дұғаларының қатарында мына (дұға) да бар еді: «Я, Алла, ақиқатында, мен Сенен жаман көршіден, оның (кесірінен) шашым уақытысынан бұрын ағарып кететін әйелден, үстімнен би болатын баладан, мен үшін азапқа айналатын дүниеден, көзі мені көретін, ал жүрегі аңдып отыратын, әрі егер ол менен бір жақсы нәрсе көрсе, жасыратын, ал егер менен жаман нәрсе байқаса, жарияға жар салатын достан пана сұраймын» (Табарани).

(Аллаһумма инни а‘узубика мин жәри ссу-и, уа мин зәужин тушайибуни къаблә-л-мәшиб, уа мин уаләдин якуну ‘аләйа раббан, уа мин мәлин якуну ‘аляйа ‘азабан, уа мин халилин мәкирин ‘айнуху тарани уа қалбуһу яр‘ани ин ра-а хасанатан дафанаһа, уа изә ра-а сайиатан аза‘аһа).

 

Балаңызды барлық жамандықтан сақтауды сұрайтын дұғаны да біле жүріңіз:

Бұл дұғаны дем салудан кейін, бала сыртқа шығарда, қонаққа барғанда, кез келген уақытта жамандықтан Алладан пана сұрау үшін оқыңыз: Ибн Аббастан (Алла әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)Хасан мен Хусейнді пана сұратып: «Шын мәнінде сендердің бабаларың (Ибраһим) мұнымен Исмаил мен Исхақты пана сұрататын: «Әъузу би кәлимәтилләһит тәммә, мин кулли шайтанин уә һәммәһ, уә мин кулли ъайнил-ләммәһ (Әрбір шайтаннан және улы жәндіктерден, сондай-ақ әрбір сұқ көзден Алланың кәміл сөздерімен пана сұраймын)» деп айтатын», – деген. (Бұхари).

 

Ер адамның өз отбасы мүшелері ауырған кезде оқитын дұғасын қайталай жүріңіз:

Айшадан (оған Алла разы болсын): «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) біреуіміз ауырсақ, оны оң қолымен сипап: «Әзһибил-бә’сә, Раббән-нәс(и), уәшфи, Әнтәш-Шәфи, лә шифә’ә иллә шифә’укә, шифә’ән лә йуғадиру сақама(н) (Дертті кетір, адамдардың Раббысы! Шипа бер, Сен – шипа берушісің, Сенің шипаңнан басқа шипа жоқ. Ауруды қалдырмайтындай шипа бер)», – деп айтатын. Айшадан (оған Алла разы болсын). Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Әзһибил-бә’сә, Раббән-нәс(и), бийәдикәш-шифә(у), лә кәшифә ләһу иллә Әнт(ә) (Дертті кетір, адамдардың Раббысы! Шипа Сенің қолыңда, Сенен өзге оны кетіруші жоқ)» (деген) сөзбен дем салатын ( Муслим).

ummet.kz

Бөлісу: