26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Әйел көркем мінезді болса, қаттыны жұмсақ етеді

Әйел көркем мінезді болса, қаттыны жұмсақ етеді

Исламдағы отбасы
Жарнама

Адам баласын өзі секілді қос аяқты, жұмыр басты өзге пенделерден ерекшелеп тұратын бір қасиет – оның мінезі. Жақсы мінез – жан көркі. Адамды кең пейіл, көпшіл ететін де, я болмаса қытымыр, кекшіл ететін де – бойға біткен мінез.

Осыны ескерген Бұхар жырау: «Қызда қылық болмаса, құр шырайдан не пайда?» деп, ұрпақ өрбітіп, бесік тербететін болашақ аналарға ең алдымен көркем мінезді болуды насихаттаған. Көркем мінез сөзін көп айтамыз. Шын мәнінде көркем мінез дегеніміз не?

Ғалымдар адам бойындағы көркем мінезді Имам Науауидің жинағында келетін 4 хадистің төңірегіне негіздеген:

1. «Кім Аллаға және Ақырет күніне сенсе, жақсы сөз сөйлесін немесе үндемесін» (Бұхари);

2. «Сендерден ешқайсың өзіне қалағанды бауырына да қаламайынша (толық) иман келтірмейді» (Бұхари, Муслим);

3. «Өзіне қатысы жоқ нәрсені тастау адамның дінінің кемелдігін көрсетеді» (Тирмизи);

4. Әбу Һурайра (оған Алла разы болсын) жеткізген хадисте бір адам Пайғамбарымызға (Ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Маған кеңес бер» деп өтінеді. Ол (Ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ашуланба!», – деді. Осыдан кейін әлгі адам өз сұрағын бірнеше рет қайталады. (Бірақ Пайғамбарымыз әр жолы): «Ашуланба», – деуден танбады (Бұхари). Бізге қашан да үлгі, көркем мінезді Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айнаға қараған сайын: «Әй Алла! Жаратылысымды көркем еткенің сияқты, мінезімді де көркем ет!», – деп жиі дұға жасаған екен.

Егер сіздің бойыңызда жоғарыда аталған төрт қасиет бар болса, онда сіз сөзсіз сұлусыз!

ummet.kz

Бөлісу: