28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Судағы балықтаймыз (болған оқиға)

Судағы балықтаймыз (болған оқиға)

Ғибратнама
Жарнама

Біраз уақыт бұрын түсімде досымды көрдім.

Қарасам, келіншегі екеуі суға түсіп жүр екен. Келіншегі орамал таққан, екеуі де киіммен жүр. Маған: «Сіз де келіп суға түсіп алыңыз», - деп шақырды. Өзен терең емес, суы мөп - мөлдір, тап - таза екен. Суға сүңгіп, түбінде байқасам, дем алып жатырмын.

Өзіме - өзім сенбеймін. Адам суда демалушы ма еді?!

Судан шығып, досыма: «Сендер де су астында демаласыңдар ма?», - деп сұрасам, олар да: «Дем аламыз», - дейді.

Осы түсімде жақсылыққа жорып қойғанмын. Су деген тазартушы нәрсе деп. Таяу күндері мәнісін ұқтым.

Сол досым былтыр қатты ауырып, ауруханаға түсіп, ота көрді. Дін жолында үлкен қызмет еткен азамат еді. Бірінші Алла, екінші көптің  дұғасымен  сауығып шықты. Таяу күндері өзім де сырқаттанып қалғанда, достарым, таныстарым көп дұға жасады. Пайғамбарымыз (ﷺ):

«Діндес бауырыңа сыртынан, оған білдірмей жасаған дұға - ең тез қабыл болатын дұға», - деп айтты. (Бухари)

Расында, қысылған кезімізде мұсылман бауырларымыздың арқасында суға жүзген балықтай болатынымыз ақиқат ғой.

Алла баршамызға бір - бірімізге дұға жасайтын құлдардан болуға жазсын!

Қуат Қабдолда

Бөлісу: