28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Томардың жабырқауы

Томардың жабырқауы

Ғибратнама
Жарнама

Имам Бұхари кітабында мынадай риуаят бар. Сахаба Жабир бин Абдулла (р.а.) жеткізген хадис. Пайғамбар (с.ғ.с.) жұма күні ағаш (кей деректе құрма ағашы) жанында тұрып насихат айтатын.

Күндердің күні ансарлардың бірі: Уа, Алла елшісі! Сізге бір мінбер жасасақ қайтеді?, - деп ұсынды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Қаласаңдар жасаңдар», - деді. Осылайша мінбер әзірленді. Жұма күні келгенде Пайғамбар (с.ғ.с.) мінберге шыққанда әлгі құрма ағашының томары баланың үні сияқты дауыспен жылады. Әз-пайғамбар (с.ғ.с.) мінберден түсіп, сәби сияқты дауыс шығарып тұрған томарды құшақтап жұбатып: «Жанында тұрғанда естіген зікірлері үшін жылауда[1]», - деді. Тағы бір риуаятта: «Мінбер жасалған кезде, пайғамбар (с.ғ.с.) мінберге шығып отырғанда біз томардан інген түйенікіндей дауыс естідік. Сонда пайғамбар (с.ғ.с.) келіп томарға қолын қойған кезде тынышталды[2]», - деп айтылады.

Бұл хадисті естімеген адам кемде кем шығар. Аталмыш оқиғаны естігенде ойыңызға ең бірінші не келеді? Томар жылауы мүмкін бе? Мүмкін емес дейін десең, хадис Бұхари еңбегінде келген. Әсіл мәселе басқада. Сахабалар тәлімін алған табиғин ғалым Хасан Басри осы хадисті риуаят еткен сайын жылайды екен. Жылап отырып: «Ей, Алланың пенделері! Ағаш екеш ағаш та Алла Елшісі (с.ғ.с.) одан алыстағаны үшін жабырқап жылауда. Алла Тағаланың ең сүйікті пайғамбарын сағынып зарығуда. Сендер әз-Пайғамбарды (с.ғ.с.) одан да қатты сағынуларың қажет», - дейді екен. Міне, бұл хадистен шығатын түйін осы. Ғаламдағы барлық тіршілік әз-Пайғамбарды (с.ғ.с.) жақсы көреді. Тек, ғапыл адам ғана немқұрайлылық танытады. Сіз, ғапылдар қатарынан болмаңыз! 

Руслан Қамбар

Исламтанушы


[1] Бұхари

[2] Бұхари

Бөлісу: