28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Шаштараздағы шындық

Шаштараздағы шындық

Ғибратнама
Жарнама

Сақал-шашы өсіп кеткен бір адам шаштаразға келіп, шашын алдырып, сақал-мұртын бастыра бастады. Қарап отырмай шаштараз екеуі әртүрлі тақырыпта әңгімелеседі.

Бір кезде әңгіме әуені дін тақырыбына ауысады. Шаштаразшы:

- Не десеңіз о деңіз, мен Құдайдың барына сенбеймін. Егер Құдай бар болса неге мына дүниеде қаншама жетім-жесір, қаншама ауру-сырқау, мүгедектер, пақыр-міскін, кедей-кепшік, неге осыншама қорлау мен қиналу бар бұл дүниеде - дейді.

Сақал алдырушы кісі айтыс-тартыс үдеп кетпес үшін үндемей қоя салады. Тірлігін бітіріп, есептесіп сыртқа шықса, сақал-шашы өсіп кеткен біреу келе жатыр екен. Оны көріп қайта кіреді да, шаштаразшыға:

- Мен осы өмірде шаштараздардың бар екеніне сенбеймін - дейді.

Шаштаразшы: - Түсінбедім, сіз қазір ғана менің алдымнан сақал-шашыңызды алдырып шыққан жоқсыз ба? Енді бұл сөзіңізге жол болсын? - дейді.

Клиент терезе алдынан өтіп бара жатқан сақал-шашы өскен адамды көрсетіп:

- Егер шаштараздың бар екені рас болса, адамдар көшеде мынадай болып әбіржіп жүрмеседі - дейді. Шаштараз таңғалып:

- Егер олар өздері менің алдыма келмесе мен не істеуім керек. Егер алдыма келіп отырса онда әңгіме басқа - дейді. Сол кезде клиент:

- "Құдай да сол секілді, кім Құдайды қажет етіп іздеп мінәжат жасап алдына келсе Ол бар. Ал кім Құдайды керек қылып іздемесе Ол не істесін!" - деген екен.

Бөлісу: