25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Әлидің (р.а) өлер алдында балаларына айтқан өсиеттері

Әлидің (р.а) өлер алдында балаларына айтқан өсиеттері

Ғибратнама
Жарнама

Әзіреті Әли (оған Алла разы болсын) қайтыс болар алдында бар балаларын жинап, былай деп соңғы өсиетін жеткізіпті:

  1. Уа, ұлдарым! Арты пейіш болар жамандық – жамандық емес. Арты тозақ болар жақсылық – жақсылық емес. Пейіштен өзге барлық игілік қадірсіз. Тозақтан өзге барлық жамандық түк емес. 
  2. Уа, ұлдарым! Кім өзінің кемшілігін көрсе, өзгенің айыбымен шаруасы болмайды. Кім Алланың жазмышына разы болса, жоғалтқанына қайғырмайды.
  3. Кім жаман пиғылмен қылышын қынабынан шығарса, өлімі де сол қылыштан болары хақ.
  4. Кім өзінің мұсылман туысына ор қазса, сол орға өзі түседі.
  5. Кім өзінің мұсылман туысының шымылдығын жыртса (яғни, айыбын ашса), өз балаларының да шымылдығын жыртқан болады (балаларының да айыбын біреулер ашады).
  6. Кім өзінің қателігін ұмытса, өзгенің қателігі таудау боп көрінеді.
  7. Кім өзінің көзқарасын бәрінен артық көрсе, адасады. Кім өзінің ақылын жеткілікті көрсе, жолдан таяды. (ақылым өзіме жетеді десе адасады).
  8. Кім адамдарға жоғарыдан қараса, қор болады.
  9. Кім қорқақпен араласса, соңында абыройсыз қалады.
  10. Кім жамандықтың шарбағын жағаласа, сөгіске қалады.
  11. Кім ғұламалармен мәжілістес болса, маңыздылығы артады.
  12. Кім қалжынға жақын болса, қадірсіз болады.
  13. Кім қай жөнінен көп көзге түссе, сол жөнінен танымал болады.
  14. Кім көп сөйлесе, қателігі көбейеді, ұяты азаяды. Кімнің ұяты азайса, тақуалығы азаяды. Кімнің тақуалығы азайса, жүрегі өледі. Кімнің жүрегі өлсе, тозаққа кіреді.
  15. Уа, ұлдарым! Әдеп – еркектіктің өлшемі (немесе таразысы). Көркем мінез – ең жақсы жолдас.
  16. Уа, ұлдарым! Саулық – он түрлі. Оның тоғызы – үндемеуде, тек Алланы тілге алу басқа. Қалған біреуі – ақымақтармен араласуды қоюда.
  17. Уа, ұлдарым! Исламнан асқан абырой жоқ. Тақуалықтан құрметті қадір-қасиет жоқ. Тәубеден тиымды шапағатшы жоқ. Саулықтан әсем киім жоқ. 

материал «Ғибратты оқиғалар» кітабынан алынды, 

ummet.kz

Бөлісу: