25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Мықты адамдардың әдет-машықтары

Мықты адамдардың әдет-машықтары

Ғибратнама
Жарнама

Өз-өзін тану – өзіңізді қандай болсаңыз да солай қабылдау, өз-өзімен болу. Өз қорқыныштарынан арылу – бұл оқу, даму, саналы, қуатты болу.

Мықты адамдардың бойынан табылатын 50 әдет осы батылдыққа айқын жетуге көмек бермек және қорқыныштан арылуға жақсы әдіс.

Мықты адамдардың әдет-машықтары:


1. Олар демалуды біледі.
2. Олар өздеріне сенімді.
3. Дұрыс сұрақ қоя біледі.
4. Олар өмірден сабақ алады.
5. Олар әр уақытта еңбекқор.
8. Олар ешқашан шағымданбайды.
9. Өз тағдырларын өздері жасайды.
10. Олар адамдармен ашық сөйлеседі.
11. Олар жақсылықтың бағасын түсінеді.
12. Олар өмірдің шынайы бағасын біледі.
13. Олар біреудің ой-пікіріне тәуелді емес.
14. Олар кез келген ортаға тез бейімделеді.
15. Олар еліктемейді, өз жолдарын салады.
16. Олар еш нәрсені ертеңге қалдырмайды.
17. Олар қай кезде де тиімді жолды іздейді.
18. Олар – күрделі бітім-болмыстың иелері.
19. Олар қиындықтан қашпайды, керісінше...
20. Олар эмоцияның соңынан еріп кетпейді.
21. Олар өз шама-шарқына қарай әрекет етеді.
22. Олар тосын жайттың алдын алуды біледі.
23. Олар белгілі бір үдемен жүруге тырысады.
24. Олар өз сәтсіздігіне ақталып жатпайды.
25. Олар өздеріне үлкен жоспарлар қояды.
26. Олар кез келген қиындыққа бетпе-бет барады.
27. Олар байланыс құралдарын жақсы меңгерген.
28. Олар мансап пен жеке өмірді шатастырмайды.
29. Олар кез келген істі жарты жолда тастамайды.
30. Икемді, алғыр және уақытпен жүріп үйренген.
31. Олар өмірлерін бір мақсаттың желісінде қояды.
32. Олар өз өмірлерін қалай елестетсе, солай құрайды.
33. Олар қабылдау керек шешімді шұғыл қабылдайды.
34. Олар жақсылап ойланып барып шешім қабылдайды.
35. Олар керек емес нәрсеге уақыттарын өткізбейді.
36. Олар сол мезетте керек болған іс-әрекетті жасайды.
37. Біреулер сәтсіздік деп тапқан нәрседен олар сабақ алады.
38. Олар «алма піс, аузыма түс!» деген қағиданы ұстанбайды.
39. Олар күдік, күмән ойлары аралас адамдармен араласпайды.
40. Олар бақыт пен ақшаны, қуаныш пен тақты шатастырмайды.
41. Біреулердің салы суға кеткен жерден өз мүмкіндіктерін іздейді.
42. Кінәні мойындарына бірден алады және әр істеріне әр уақытта жауап бере алады.
43. Оларда керемет талант жоқ. Есесіне дәл уақытында дұрыс шешім қабылдай алатын батылдық бар.
44. Олар қастарына өздері сияқтыларды жинайды. Бұл дегеніміз – өз тағдырына өздері қожайын деген сөз.
45. Олар өмірдің ағысымен кетпейді. Қолдарынан бәрі келетіндігіне сенеді.
46. Олар – оптимистер. Содан да болар, барлық нәрседен жарқын болашақ күтеді.
47. Көп адамдар жайлылықты іздесе, олар сол қиындықтардан мінездерінің ширай түсетіндіктерін біледі.
48. Олар – мейірімді және ақкөңіл. Өзгелерге көмектесуден жай тауып жүреді.
49. Олар қарапайым болып жаратылған. Керек кезде кешірімді бірінші болып сұрайды.
50. Олар физикалық денеге жақсы күтіммен қарайды, бірақ көп уақыт бөле бермейді.

Қателесемін деген қорқыныш – жетістікке апарар жолда көп адам үшін үлкен кедергі.

материал «Батыр адам батыл қадам» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: