25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Тәубе жасау үшін мына үш шартты орындау қажет

Тәубе жасау үшін мына үш шартты орындау қажет

Ғибратнама
Жарнама

Бір ақсақал ғұлама шәкірттерімен әңгіме барысында: «30 жыл бұрын «Әлхамдүлилла» дегенім үшін 30 жыл бойы тәуба сұрап келемін» дейді.

Шәкірттері таң қалып, мұның мәнін сұрағанда, әлгі ақсақал былай деп түсіндіреді: «Сауда орнында үлкен өрт шығып, көптеген саудагерлердің дүкендері өрттеніп, иелері үлкен шығынға ұшырайды. Өрт туралы маған хабар жеткенде мен «Сенің дүкеніне ештеңе болмапты» деген сүйінші хабарға абайсыздан «Әлхамдүлилла» дей қалдым.

Кейін осы әрекетіме қатты өкіндім – мұсылман бауырларымның мал-мүлкі жанып кеткен кезде, өзімдікі аман қалды деп шүкір еткенім шынайы мұсылмандыққа жараспады деп қатты қобалжыдым, еңіреп тәуба еттім. Кейін өрттен зиян көрген мұсылман бауырларыма ортақтас болайын мақсатымен, дүкенімдегі барлық заттарды кедейлерге таратып берсем де, сол күннен бері 30 жыл бойын тәуба етсем де, әлі де жаным тыныштық таппады. Мен өлген кезде, ешкім білмейтін – адам жүрмейтін бір жерге апарып жерлеулеріңді сұраймын. топырақ мені қабылдамай, достарымның алдында ұят болмасын» – деген екен.

Имам ән-Нәуәуи (Алла оны рақымына алсын): «Ғалымдарымыз әрбір күнәдан кейін тәубе ету – міндет. Егер адамның күнәсы басқа бір кісінің ақысына қатысты болмаса, онда тәубе жасау үшін, мынадай үш шартты орындау қажет деген. Олар:

1. Аллаға бой ұсыну, қарсы келуден бас тарту;

2. Күнә істегеніне өкіну;

3. Шынайы ықыласпен бұдан кейін оны қайта жасамауға бел буу.

Егер осы аталған шарттардың біреуі орындалмаса, онда жасалған тәубе есептелмейді. Ал егер істеген күнә, басқа біреудің ақысына қатысты болса, онда жоғарыда аталған үш шартқа, құқығы тапталған адамның ақысын өтеумен төртінші шарт қосылады. Ал егер істеген қылмыс не күнәлі іс, мал-мүлікке қатысты болса, онда мүлік иесіне қайтарылады, әлгі адам жасаған барлық қылмысы мен күнәлі ісі үшін өкініп тәубе етуі қажет».

материал «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: