25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Құнанбайдың жомарттығы әр мұсылманға үлгі

Құнанбайдың жомарттығы әр мұсылманға үлгі

Ғибратнама
Жарнама

Қазақ даласында жомарт жандар көп болған. Өзіне біткен малмен жоқ-жітіктің жағдайын жасап, дін жолында аямай сарп еткен ерен ерлердің есімдері тарих беттерінде жазылған. Солардың бірі – Құнанбай Өскенбайұлы. Құнанбайдың есімі кешегі «дін – апиын» деген заманда, солақай саясаттың әрекетімен, қанша қараланса да, бүгінгі тарих бар шындықты көрсетті.

«Құнанбай «Ескі там» деген жерде мектеп ашып, онда орысша сауатты Ғабитхан Ғабдыназарұлы деген ноғайды мұғалім етіп тағайындайды. Сөйтіп, өз балалары мен руластарының балаларын оқыта бастайды. Құдайберді, Тәңірберді, Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, Халиуллалар алғашқы сауатын алғашқы сауатын осы меткептен ашқан. Құнанбай балалырн одан әрі оқытуға ерекше ынталы болады. Ибраһимін Семейдегі діни медресеге береді. Халиулланы 1858 тжылы Омбы кадет корпусына оқуға енгізеді. Оны бітірген соң Москвадағы әскери училищеде оқуына мүмкіндік жасайды. Құнанбай 1849 жылы Қарқаралыда мешіт, 1874-75 жылдары қажылық жолмен Меккеге барып, онда мұсылман елінен барған адамдар түсетін үй – Тәкие салғызған. 1900 жылы Қазан баспасынан жарық көрген, шығарушы семейлік Әбдірахман Жүсіпұлының «Қажы Әндірбай қалпе» деген жыр үлгісімен жазылған кітабында Құнанбайдың Меккеге сапарына қатысты жолдар бар. Бұл сапар жайлы деректер 1883 жылы Қазанда басылған «Маңызды мәселелер» деген кітапта Абайдың немере інісі Шәкәрім Құдайбердіұлы да айтылады. Абайдың суреттеуінше де Құнанбай – ізгі істерімен артына өлмейтін атақ қалдырған, мұңды, шерлі жоқ-жітіктің қамқоршысы болған, ақылды, адал, жомарт, әділ адам»

материал «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: