26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ізгі адам мына 10 амалды босқа жібермейді

Ізгі адам мына 10 амалды босқа жібермейді

Ғибратнама
Жарнама

Ізгі адам он түрлі амалды босқа жібермейді:

1. Таң сәріде тұрып Алладан жарылқау тілеу. Алла «Әли Имран» сүресінің 17-аятында ақыретте мәңгі бақытқа кенелетіндерді сипаттай келе: «...таң сәріден жарылқау тілеушілер», – деген.

2. Жеке қалып ойлану. Алла тағала «Әли Имран» сүресінің 191-аятында: «Сондай-ақ олар көктер мен жердің жаратылуы жайында ойланады», – деген.

3. Жақсы адамдармен араласу. Алла тағала «Кәһф» сүресінің 28-аятында: «жалбарынғандармен бірге өзің де сабыр ет», – деген.

4. Зікір ету. Алла тағала «Ахзап» сүресінің 41-аятында: «Алланы өте көп зікір етіңдер», – деген.

5. Шынайы ниетпен намаз оқу. Алла «Мүминун» сүресінің 2-аятында: «Мүміндер намаздарында іштей жалбарынады», – деген.

6. Құран оқу және мағынасына ой жүгірту. Алла «Ниса» сүресінің 82-аятында: «Ал, сонда олар Құранды түсінбей ме?», – деген.

7. Аптап ыстық күнде ораза ұстау.

8. Жасырын садақа беру. Алла елшісі (с.а.с.): «Оң қолының бергенін сол қолы білмей қалатындай жасырын болуы керек» деген.

9. Басқа бір мұсылманның қайғы-қасіретін бөлісу, қиыншылықтан құтылуына жәрдемдесу. Хадисте: «Кімде-кім мүмін бауырының осы дүниедегі бір уайымқайғыдан құтылуына себепкер болса, Алла тағала оны қиямет-қайымның қайғы-мұңдарының бірінен құтқарады»,– деген.

10. Бұл фәниден ақырет үшін бас тарту (қызықпау). Алла тағала «Ағла» сүресінің 17-аятында: «Ақырет қайырлы да тұрақты», – деген.

материал «Үміт сәулесі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: