26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Егер мен оған тұрмысқа шыққанымда…

Егер мен оған тұрмысқа шыққанымда…

Ғибратнама
Жарнама

Бірде бір елдің президенті әйелімен күтпеген жерден кешкі ас ішуге мейрамханаға баратын болды.

Екеуі үстелге отырғанда, мейрамхана иесі президенттің оққағарынан:
– Елдің бірінші ханымымен жеке сөйлесуіме болады ма?! – деп сұрайды.

Президент келісіп, Бірінші ханым мен мейрамхана иесі сұхбаттасады. Сұхбаттан соң президент әйелінен:

– Ол кім еді?! Не үшін сенімен сөйлесуге қызықты?! – деп сұрады.
– Ол мектеп кезінде маған сөз салған адам, – деп жауап береді әйелі.
– Егер сен оған тұрмысқа шыққаныңда, қазір мынадай керемет мейрамхананың иесі болатын едің, солай ма?! – деп сұрады президент.
– Жоқ. Егер мен оған тұрмысқа шыққанымда, ол президент болатын еді, – деп жауап берді әйелі.

Түйін: Жақсы әйел – жаман еркекті жақсы етеді, жаман әйел – жақсы еркектің түбіне жетеді…

ummet.kz

Бөлісу: