01
Жұма,
Қараша

һижри

Сырқатты қалай игілікке пайдалануға болады?

Сырқатты қалай игілікке пайдалануға болады?

Ғибратнама
Жарнама

Мұсылманда қиындықты дұрыс пайдалану арқылы игілікке жету мүмкіндігі бар!

«Мүміннің ісі қандай ғажап! Оның ісінің барлығы ол үшін жақсылық. Сондай-ақ, ол мүміннен басқа ешкімге берілмеген: егер оған бір қуаныш келсе, ол Аллаға шүкірлік етеді, ол оған жақсылық болады. Ал егер оған бір қайғы келсе, ол оған сабыр етеді, ол оған жақсылық болады». (Муслим)

Сөзсіз, ауру-сырқат – адамға қиындық тудырады, уайым-қайғы құштырады. Яғни, бұл – сынақ. Егер, ол басына келген дертке сабыр сақтаса, Алла туралы жақсы ойласа, Одан келетін жазадан қорқып, онан сайын Аллаға жақындай түссе, мұның соңы адам үшін жақсылыққа ұласады. Алланың басқа салғанына разы күйде Оның Даналығына, Пәктігіне зәредей шүбә келтірмей, қиындықтың соңынан екі бірдей жеңілдікті күту, сыйды дәмету – мұсылманның ең қайырлы ісі.

Тиынның екі беті болатыны секілді, ауруға тап болған адамның көрер тағы бір пайдасы бар. Ол – күнәсінің жуып-шайылуы. Бізді анамыздан қаншама есе жақсы көретін Алла Тағала құлын қинағысы келмейді. Тозақ отына жануын да қаламайды. Сондықтан Ол құлы ертең Қияметте азап шекпес үшін, осы дүниеде күнәларының ағаш жапырақтары секілді төгілуіне мүмкіндік жасайды. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Қандай да бір мұсылманды зиян шалса, тікенектен бастап Алла онымен оның жамандықтарын кешіреді және ағаш жапырақтарынан қалай арылса, ол да солай күнәларынан арылады» деді (Бұхари, Муслим). «Мұсылманға не кездіксе де, ол мейлі шаршау болсын, ұзақ ауру болсын, мазасыздану болсын, қайғы болсын, қолайсыздық болсын, керек десеңіз тікенектің шаншығаны болсын, Алла Тағала ол үшін міндетті түрде күнәләрінің бірін кешіреді (Бұхари, Муслим). «Егер Алла Өзінің құлына игілік қаласа, онда оның күнәләрінің жазасын осы дүниеде береді, ал егер жамандақ қаласа, онда оның күнәләрінің жазасын Қияметте толығымен беру үшін бұл дүниеде бермейді» (Тирмизи).

ummet.kz

Бөлісу: