26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Бір аяттан аса алмаған құл

Бір аяттан аса алмаған құл

Ғибратнама
Жарнама

Құдайдың бір құлы болған екен. Бір күні ол намазға тұрып «Фатиха» сүресін оқи бастайды. Бір кезде «Жалғыз Өзіңе ғана құлшылық етеміз» деген аятқа келгенде, ішінен «Өтірік айтасың! Сен Аллаға емес махлұқатқа ғибадат жасап жүрсің» деген сезім келіп қалады.

Осыдан соң ол тәубе етіп, ел-жұрттан аулақ кетейін деген ойға бекінеді. Бір күні намаз оқып тұрып, тағы да әлгі аятқа келеді. Алдымен «Иә, шынында да, бір Аллаға құлшылық етіп жүрмін ғой» деп ойлағанымен, құлағына «Жоқ, сен жиған малыңа құлдық ұрып жүрсің» деген дауыс келгендей болады. Қараса, шынында да, ойын ең көп бөлетін нәрсе, мал-дұниесі екен. Қайдан табам, қалай жұмсаймын, ертеңгі күніме не жинамаймын деген сияқты ойлар одан бір елі ажырмайтындай болып қалыпты.

Содан әрі ойлап, бері ойлап «Қой, мұным болмас, мал-дүниеге емес, оларды маған берген Аллаға құлшылық етейін» деген байлам жасайды. Сөйтеді де, тірнектеп жиған малын садақа етіп мұқтаж жандарға таратып жібереді. Үйінде күнделікті тіршілігіне қажетті бірді-екілі бұйым ғана қалдырады. Содан көңілі жай тауып, әлгі аяттан мүдірмей өтетін болыпты.

ummet.kz

Бөлісу: