26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Нұх пайғамбардың (а.с) ажал алдында баласына айтқан 4 өсиеті

Нұх пайғамбардың (а.с) ажал алдында баласына айтқан 4 өсиеті

Ғибратнама
Жарнама

Бірде Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларына Нұх пайғамбардың (а.с) өмірінің соңғы сәтінде баласына айтқан өсиетін айтып береді.

Нұх пайғамбар (а.с) өлім аузында жатқан кезінде баласын шақырып алып, оған алтыннан қымбат мына сөздерді айтқан еді:

«Балам, саған екі нәрсені жасауды бұйырамын және сені екі нәрседен тыямын.

Бірінші:

Егер жеті қабат аспан мен оның тұрғындары (адамдар, жындар, періштелер) әрі жеті жер таразының бір табағында, ал " Лә иләһа иллә Аллаһ" (Алладан басқа сыйынуға лайықты Құдай жоқ) таразының екінші табағында болса, онда сөзсіз "Лә иләһа иллә Аллаһ" оларды басып түсер еді. Сондықтан күнде «Лә иләәһә иллә Аллаһ» ( Алладан басқа сыйынуға лайықты Құдай жоқ) деген сөзді айтып жүр.

Екінші:

Айтылуы оңай болғанымен, таразыда ауыр болған «СубханАллаһи уә бихамдиһи» (Алла Тағала кемшілік атаулыдан пәк және барлық мадақ Аллаға тән) сөзін де жадыңнан шығарма.

Үшінші:

Құдайдан өзге нәрседен медет тілеп кетуден сақтан

Төртінші:

Тәкаппарлық пен менмендіктен аулақ бол»

Мұны естіген сахабалар Пайғамбарымыздан (ﷺ): «Иә, Алла Елшісі, Құдайдан өзгеден медет сұраудың не екенін түсіндік, ал тәкаппарлық деп аяқ киімінің әдемі екеніне мақтанып, менменсуді айта ма?» дейді. Алла Елшісі (ﷺ) «жоқ» деп жауап береді. Сахабалар тағы да: «Онда бір адамның айналасына көп адамдарды жинап алып, топ бастап жүруі ме?» дейді. Алла Елшісі (ﷺ) тағы да «жоқ» деп жауап береді. Сахабалар: «Сонда бұл жердегі тәкаппарлық пен менмендік деген не?» деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ): «Бұл шындықты (ақиқатты) мойындамау және өзгелерді өзінен төмен санап, менсінбеу», - деп жауап берген. (Ахмад, Бұхари, Байхақи).

ummet.kz

Бөлісу: