26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ізгі амал мен нашар амалдың жүрекке әсері

Ізгі амал мен нашар амалдың жүрекке әсері

Ғибратнама
Жарнама

Барлық жаратылыстың жүрегі бар, солай ма? Ол қатты үлкен емес, бірақ, ол – өте-өте маңызды ағза екенін бәріміз мойындаймыз.

Себебі, жүрек – бүкіл ағзалардың патшасы. Жүрек қандай болса, бүкіл дене де, адам да сондай болады. Иә, жүрегі таза адам – жақсы адам, жүрегі кірлеген адам – нашар адам. Адамның жүрегін тазартатын да, кірлететін де – адамның өзінің амалдары, сөздері, сезімдері. Жақсы істер адам жүрегін жадыратады, тәніне жеңілдік сыйлайды, ал жаман іс денеңді ауырлатып, кеудеңді сығады, жолыңды жауып, өміріңді бақытсыздыққа толтырады. Әр жаман іс- жүрекке түскен дақ. Ол дақтар көбейе берсе, жүрек те қарайып тынады. Ондай адам әрмен қарай тек зұлымдық жасағысы келіп тұрады. Сондықтан бір жаман іс жасап қойсаң, дереу өкініп, Алладан кешірім сұра және қайталамауға уәде бер. Сонда ғана қара дақ сөнеді. Ізгілік алдыңнан шығады! "Адамдардың барлығы - қателесуші. Бірақ қателесушілердің ішіндегі ең жақсысы - тәубеге келгендері!" (хадис).

ummet.kz

Бөлісу: