26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Дүниедегі ең әдемі сөзді іздесеңіз...

Дүниедегі ең әдемі сөзді іздесеңіз...

Ғибратнама
Жарнама

Дүниедегі ең әдемі сөзді іздесеңіз, Құранға жүгініңіз.

Адам жаны кейде біреуден ілтипат, жылы сөз іздеп тұрады. Себебі, өмір біз ойдан құрастырып алатын, қиялымыздан туған ертегі емес. Ол – шынайы. Онда ешқандай эффект, бояма болмайды. Сондықтан да өмір көші түрлі сынақтарға толы.

Арып-ашып арманға жету үшін

Қарын ашып жүқалау киінесің, -

дегендей, діттеген мақсатқа жету үшін кейде құлап, кейде жылап, әйтеуір әупірімдеп күн кешуге тура келеді. Міне, сондай уақытта ең қымбат жанашыр, ең аяулы ақылшы ретінде жаныңызға Құран келеді! Әрине, көп адам оның мәніне бойламағандықтан мұны түсіне бермеуі мүмкін. Алайда, Құранды бір оқыған адам оны тастамасы анық.

Соны түсінген алаш зиялысы Ғұмар Қараш ағамыз:

Құран – шам, ақыл – басшы, ғылым – құрал,

Құралсыз шекпе сапар, жолың болмас.

Айырылма, жатсаң-тұрсаң Құранды ұста,

Жол бастар қараңғыда ол бір жолдас, - деген жоқ па?

Сахабалардың бірі Жәбир (р.а) ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізген:

«Ең әдемі сөз – құдіреті күшті Алла Тағаланың сөзі, ең жақсы жол – адамзаттың абзалы Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жолы...» (Муслим 2/592, Насаи 3/188)

Демек, жанына жылу, көңіліне демеу іздеген жан, ең алдымен, Жаратушысының сөзіне жүгінуі керек екен.

ummet.kz

Бөлісу: