26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Әрбір мұсылман – нұрланған үммет

Әрбір мұсылман – нұрланған үммет

Ғибратнама
Жарнама

Бізді Алла Тағала мұсылман етіп жаратқаны үшін шексіз ризашылығымызды білдіруіміз керек. Мұсылман болу – ең үлкен нығмет. Әрбір мұсылман – нұрланған үммет. Ислам дінінде оның себебі нақты дәлелмен келтірілген.

Раббымыз – Нұр. «Алла аспандар мен жердің нұры» («Нұр» сүресі, 35-аят)

Пайғамбары (с.ғ.с) – Нұр. «Сендерге Алладан Нұр (Пайғамбар Мұхаммед) және анық бір кітап (Құран) келді» («Мәида» сүресі, 15-аят)

Кітабы – Нұр. «Аллаға және Пайғамбарға әрі Біз түсірген Нұрға (Құранға) иман келтіріңдер» («Тағабун» сүресі, 8-аят)

Ендеше, өмірің қалай қараңғы болмақ?!  «Нұр үстіне нұр. Алла қалаған пендесін Өз нұрына түсіреді» («Нұр» сүресі, 35-аят)

Қуан, шаттан! Аллаға, Құранға, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірі мен өнегесіне жақын болған пенденің өмірі нұрланып сала беретініне күмән жоқ.

ummet.kz

Бөлісу: