27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Кішкентай саңырау бақаның жеңісі

Кішкентай саңырау бақаның жеңісі

Ғибратнама
Жарнама

Бірде кішкентай бір топ бақа жарыспақ болып жиналады. Олардың мақсаты биік мұнараның ұшар басына шығу еді.

Мұнара айналасына жарысты көруге, қатысушыларды қолдау үшін жұртшылық жиналып қалды.  Жарыс басталды.

Жиналғандардың бірі де олардың межеге жете алатынына сенген жоқ. Жиналғандар: «Олар межелі биікке ешқашан жете алмас», «Оу, бұл өте ауыр соқпақ», «Олардың жетуі мүмкін емес. Мұнара тым биік қой!» - деген сынды гуілге басты.

Кішкентай бақалар тырбаңдап, болдыра бастады. Бірінен соң бірі құлап жатты, əлі тың бақалар жоғарыға қарай тырбанып барады. Тобыр күбірін тоқтатпады: «Түу, тым қиын ғой», «Біреуі де жете алмайды, көресің»...

Кішкентай бақалар əбден болдырып, жеңілгендерін мойындады. Тек бір бақа ғана еш берілмей, биікке өрмелеуін жалғастыра берді. Нəтижесінде ол ешкім жете алмаған биікті бағындырып, жеңімпаз атанды. Оның жетістікке жетуінің сыры неде екенін барлық бақа білгісі келді. Қатысушы оларға құласа да мойымай, қалай алға ұмтылғаны жайлы əңгімелеп жатты.

Ол жиналғандардың кертарпа сөздерін естімеген еді. Себебі, құйтақандай бақа тумысынан саңырау болатын.

Түйін

Ешқашан көрінген көк аттының қисық-қыңыр пікірімен санаспа, ол сені ғажайып ойларыңмен қоса орға жығады. Тек жүрегіңді тыңда.

Аллаға деген сеніміңді ортайтпа!

               

              Ағылшын тілінен аударған Гүлбала Қоштай.

Бөлісу: