18
Дүйсенбі,
Қараша

һижри

Нәпсі туралы астарлы әңгіме

Мақалалар
Жарнама

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Бірде әйгілі ислам ғалымы өзінің шәкіртіне тапсырма береді. Тапсырма барысында "Дүниені шарлап, өзіңнің нәпсіңнен төмен болатын нәрсені іздеп, тауып кел",-деп жібереді. Шәкірт ұзақ жол жүріп, жолшыбай жүні түскен төбетті көріп: "Мен бұл иттен артық шығармын",-деген ойға келеді. Сол сәтте төбет Алланың қалауымен тілге келіп, былай дейді:

– Байғұс адам, сенің мендей төбеттен қандай артықшылығың бар? Мен болсам, өзімнің қожайыныма адалмын, түні бойы қожайынымды күзетемін, оның берген тамағына үнемі ризашылығымды білдіремін, басыма баспана мен жұмсақ төсек талап етпеймін. Бергенінің баршасына дән ризамын.  Ал сен өз қожайыныңа, Иеңе дәл осындай қарым-қатынас жасайсың ба? Сен түн бойы бейқамдықпен ұйықтайсың, аз-кем ризық берілсе қанағаттанбай, дүниеден барынша артық алуға ұмтыласың, өзіңді Жасағанға шын берілген адал құлмысың? Мен осындай ұсқынсыз болуды өзім таңдап алмадым.

 "Астағфируллах, мен бұл иттен төмен екенмін".

Ары қарай сапарын жалғастырған жолда кір-қоқысқа аунаған шошқаны кездестіріп, ішінен: "Осы шошқадан енді артық шығармын",-деген ойға келеді. Шошқа Алланың әмірімен тілге келіп:

– Байғұс пенде, сенің менен қандай ерекшелігің бар? Әділдік таразысы орнайтын сот күні адамдардың: "Бізді шошқа етіп жаратқаның жақсы еді, сонда бұл азапты көрмей ұмтылар едік",-деп зарлайтынын сен білмеуші ме едің?! Мені нәжісті жейтін қылып жаратқанына мен кінәлі емеспін. Тіпті мен Нұх (ғ.с.) кемесінде дәрігер-тазалықшы болғанмын".

 "Астағфируллах, мен бұл шошқадан да нашар әрі төмен екенмін".

Шәкірт келген ізімен сапарын жалғастырады. Жолда жерде жатқан нәжісті көріп, еңкейіп: "Мен барлығынан нашар әрі төмен шығармын, алайда сенен бәрібір артықпын",-деді. Ол да осы мезетте Алланың қалауымен тілге келіп: "Байғұс адам, сенің менен қандай артықшылығың бар? Сен мені қолданғанға дейін мен сенің қалаған дәмді тағамың болып, сені қуанттым. Сен мені пайдаланғаннан кейін ғана осы күйге айналдым. Сенің бойыңа күш, қуат жинап, өзіңнің Қожайының-Жаратушыңа ғибадат етуің үшін өзімді құрбандыққа шалдым. Ал сен өзіңнің Жаратушыңа не істейсің, оның жолында өзіңді құрбан етесің бе?".

Шәкірт сонда барып: "Астағфируллах, мен тағы осы нәжістен де нашар әрі бейшара екенмін",- деп ақиқатты түсінген екен.

Адамның асау нәпсісінің қалауы: ұдайы артық ішіп-жеу, көпшілігін иемдену, зорлықпен билік жүргізу, күнәлі істерге жетектеу, түптің-түбінде Алладан ұзақтатып, орға жығу. Адам көзін нәпсі қуаты байласа, ақиқатты көруден жырақтап қалады. Нәпсі майданы өмір бойы бірде жарқырап, келесіде төменшіктеп отыратын үздіксіз жүргізілетін рух күресімен сипатталады. Осы рухани майданда ниетті туралап, нәпсіні тәрбиелеп, ұдайы жөнге келтіріп отырудың маңыздылығы орасан зор.

Аударған: Меруерт Мұхамадиева, 

Дереккөз: fondihlas.ru

Бөлісу: