Жұма жайлы Әбу Лубананың риуаятына тоқталсақ, Алла елшісі: «Жұма күні- күндердің тақсыры және ең ұлысы. Сондай –ақ, ол Алланың қасында Ораза айтынан да, Құрбан айтынан да ұлырақ. Оның бес ерекшелік қасиеті бар: ол күні Алла тағала Адамды жаратқан; осы күні Адамды жерге түсірген; осы күні Алла тағаламен Адам қайта қауышқан; осы күні құл Алладан харамнан өзге, не сұраса да, бірілетін бір сағат бар; осы күні қимет болады, Аллаға жақын әрбір періште , аспан мен жер, таулар мен теңіз барлығы осы Жұма күнінен қорқады»[1],- деген.
Жұма намазы мұсылмандарға Мекке қаласында хижрадан(ұлы көшу) бұрын парыз етілді. Ибан Аббас (р.а): «Пайғамбарымызға ﷺжұма өткізу Мәдинаға хижрадан бұрын бұйырылды. Алайда Меккеде адамдарды жинауға ол кезде мүмкіндік болмады. Сөйтіп Мәдинадағы өкілі Мусаб ибн Умайраға: «...Ендігі сөзім: Ей, Мусаб! Яһудилер сенбі күндеріне дайындалып, Забурды жария оқитын күнді күт. Сосын әйелдер мен балаларды жина! Сөйтіп, жұманың күндізі ортасынан ауғанда Алла тағалаға екі рәкағат намазбен жақындаңдар!»,-деп хат жазды. [2]
Пайғамбарымыздың ﷺ әмірімен бесін уақытында ең әуелгі болып, жұма намазын өткізген- Мусаб ибн Умайр еді.