26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қан алып, қан беру

Мақалалар
Жарнама

Адам өліміне әкелмейтін, трансплантация түрлерінің ең қарапайымы – қан құю, қан алмастыру.

 

Мұны медициналық терминде гемотрансфузия деп атайды. Ең алғаш қан құю әрекетін 1628 жылы, британдық ғалымдар жасаған. Содан бері сәтті және сәтсіз аяқталған әрекеттер тоғысып, бұл сала күннен-күнге жаңарып, дамып келеді.

Ислам ғалымдарының көзқарасын басшылыққа алып, қан алмастыруды рұқсат деп танысақ, бұл жағдайдың өзінде трансплантация мәселесін «зәру» әлде «зәру емес» деп, екіге бөліп аламыз.

Бұл көзқарас бірнеше дәйек пен негізге негізделеді:

1 – Қан алушы үшін пайдалы болуы және донор (қан беруші) үшін зиянсыз болуы;

2 – Бірер әрекеттің пайдасы зиянынан басымырақ болса, онда біреуге пайда әкелу ұстанымы өзгеге зиян тигізбеу ұстанымынан жоғары тұрады;

3 – Бұл зәрулік жағдай, ал зәрулік жағдайда тыйым жойылады;

4 – Ағза – адамның мүлкі, ал адам баласы өзіне тиесілі мүлікке өз еркінше иелік ете алады. Ол өзінде бар мал-мүлікті қалай қолданып, иелік етсе, өзінің ағза-мүшесіне де солай иелік етіп, қолдана алады»[1].

Ислам шариғаты ғалымдары зәру жағдайда қан құю, қан алмастыру мәселесіне рұқсат береді: «егер де зәрулік жағдай туып, дәрігер аталмыш нәрседе шипа болатынын айтса, онда сол арқылы емделуге болады» [2] деген көзқараста. Ең бастысы, оны таза, тірі қалпында сақтап, оны құю,- деген.

Қан ауыстырып құю арқылы емдеудің дұрыс болуы үшін мынадай шарттар орындалуы тиіс:

1 - Науқас адамның шынымен қан құюға зәрулігі. Қан құйылмаса өліп кету қаупінде болуы.

2 – Қаннан өзге ем-дом шараларының болмауы.

3 – Қан беруші адамның өз қанын ризашылықпен, келісімімен беруі. Яғни біреудің қыспағымен, біреудің қорқытуы арқылы қан беруіне болмайды.

4 – Қан алу арқылы қан берушіге де, қан құйылушыға да ешбір зиян тимеуі.

5 – Қан ауыстырушы дәрігердің шынымен осы ем түрінің сәтті әрі пайдалы болатынына көзі жетуі және дәрігердің білікті болуы.

6 – Қанды құймас бұрын ғылыми сараптама жасап, қанның тазалығын, сәйкестігін ғылыми тұрғыдан зерттеу.

7 – Қан алмастыру ісі қанды сату сынды жағымсыз әрекетке айналып, сауда-саттыққа айналып кетпеуін қадағалау[3].

Ислам дініндегі «Өзіңе де өзгеге де зиян келтірме» деген қағиданы естен шығармайық. Анығын Алла білуші.

Қан мен басталған трансплантация баспен бітуде. Әлемде бұрын соңды жасалмаған бас ағзасын ауыстыру отасын жасамақшы. Серджио Канаверо (Sergio Canavero) алда іске асырғалы жатқан жоспарларын БАҚ өкілдеріне айту барысында әлемге танымал болды. Серджио Канаверо отаны ең алғашқы болып 2017 жылы жасауды жоспарлап отыр.[4]

 



[1] Мухаммед Нуруддин Әл-Мәкки. Әдилләт тахрим нақл әл-ағда әл-әдәмия/. – Каир: 1995, 16- бет.

[2] Мухаммад ибн Ахмад әз-Зәһәби. «Әт-Тыб ән-нәбәуи». Дәр ихия әл-ғулум баспасы, 1990, 33-бет.

[3] Мухаммад ибн Ахмад әз-Зәһәби. «Әт-Тыб ән-нәбәуи». Дәр ихия әл-ғулум баспасы, 1990, 34-бет.

[4] http://ummet.kz/index.php/kz/ma-alalar/internet-leminen/item/1850-канаверо-бас-ағзасын-ауыстырмақ

 

Қанат Қалымбет

Бөлісу: