26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Шәууәл айында алты күн ораза ұстау

Мақалалар
Жарнама

Бұл оразаны сол айдың ішінде кез келген күні үзбей бірінен кейін бірін немесе үзіп-үзіп ұстауға болады. Бірақ айттың артынша кезекпен дереу бәрін ұстаған абзал. Пайғамбарымыз ():

 

"من صام رمضان ثم أتبعه ستا من شوال كان كصيام الدهر"

«Кімде-кім Рамазанды оразамен өткізіп, бұдан кейінгі шәууәл айында алты күн ораза ұстаса, жыл бойы ораза ұстағанмен бірдей»[1],-дейді.  Бұл ораза сауабының бір жылға пара-пар келуін былайша түсінуге болады. Алла Тағала Құран Кәрімде:

مَن جَاءَ بِالْحَسَنَةِ فَلَهُ عَشْرُ أَمْثَالِهَا 

«Кімде-кім бір жақсылық жасаса, оған оның он есе қарымы беріледі»[2] – деген. Ғалымдар Шәууәл айындағы алты күн оразаның бір жылдық сауабын осы аятпен байланыстырады. Рамазан айындағы отыз күн мен Шәууәл айындағы алты күн қосылғанда, отыз алты күн болады. Бұл сан он есеге көбейтілсе, үш жүз алпыс күнді құрайды. Міне, бұл да Жаратушы Иеміздің бізге деген шексіз мейірімі.

Шәууал айындағы оразаға қатысты кейбір мәселелер:

1. Шәууәл айының оразасы нәпіл ораза болып табылады. Яғни, мұны ұстау ешкімге міндет емес, мұсылманның өз еркінде. Дегенмен, мұны ұстамаған жан жоғарыда келтірген Пайғамбарымыздың () хадисіндегі бір жылдық оразаның сауабынан құр қалады.

 2. Шәууәл айының нәпіл оразасы тек Шәууал айында ғана ұсталады. Әрі оны айт күнінің екінші күнінен бастап ұстаса болады.

 3. Шәууәл айының нәпіл оразасын арасын үзбей қатарынан, сонымен қатар арасын үзіп бөлек-бөлек күндерде де ұстауға болады.

 4. Рамазан айында түрлі себептермен кей күндерін қаза етіп алған кісілер Шәууәл айында әуелі Рамазанның қазасын өтеуіне де, сонымен бірге Шәууәлдің алты күндік нәпілін ұстаса да болады.

5. Рамазан оразасын ұстамаған адамдарға да Шәууал оразасын ұстауына болады. Алайда, олар Пайғамбарымыз () сүйіншілеген бір жылдық оразаның сауабын ала алмайды. Себебі, Рамазан оразасы – парыз. Оны ұстамау – үлкен күнә.

7. Шәууал оразасы да Рамазан оразасы  секілді «таң» намазынан (Таң намазының кіруіне 10 минут қалғанда ауыз бекітіледі) басталып, «шам» намазына дейін жалғасады.

 ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі

 


[1] Хадисті имам Мүслім, имам Ахмад ибн Ханбал және имам Тирмизи риуаят еткен.

[2] «Әнғам» сүресі, 161 аят. 

Бөлісу: