26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Көп боламыз ба, жоқ боламыз ба?

Мақалалар
Жарнама

«Сергей Капица айтқандай, адамзаттың басына төнген жаһандық проблемалардың ішіндегі ең үлкені - Жер халқының жаппай көбейіп келе жатқаны. Шынында да, біз көбейіп келеміз. Бірақ бұл қарқынымыз қорқынышты. 1900 жылы планетамызда 1,6 миллиард адам жүрсе, айналдырған алпыс жылдан кейін ақ, 1960 жылы адам саны 3 миллиардқа тақаған.

Бірақ одан кейінгі 39 жылдың ішінде Жер халқы тағы екі есеге, 6 миллиардқа жетті. Одан кейін халық өсімі аздап кідірсе де, көптеген ғалымдар жақын болашақта Жер халқының көптігінен көп қиындықтар туындайды деп дабыл қағуда. Біріккен Ұлттар Ұйымының болжамы бойынша, осы ғасырдың ортасына таман жер халқының саны 9 миллиардқа тақайды, ал 2100 жылға қарай біздің санымыз 12 миллиард болады екен. Жер-Ана әлі қанша адамды көтере алады? (www.aikyn.kz)», деп ойран салуда.

Осы сұрақты материалдық тұрағыдан қарастырған ғалымдар әр түрлі болжам айтып адамадардың ойын сан-саққа бұрмалап әлек. Ол аз десең жер көтере алмайды деп айтқаны қаншама. Сонымен қош делік, бұл сұраққа дініміз не дейді жауап іздеп көрелік.

Алланың сөзімен жауап берейік:«Ойға ғана ереді. Шын мәнінде құр ой, шындықтың қасында еш нәрсеге тұрмайды» (Нәжім 28).

Жерді жаратқан жаратушы жаппар иеміздің барлық нәрсеге құдіреті жетеді «Ол көктер мен жерді жоқтан бар етуші» (Бақара, 117). Жер шарының бізге беймәлім болған, сана сеніміміз, ақыл ойымыз жетпейтін тұстары бар. Көместі көруші Алла Тағала «барлық нәрсені жаратқан әрі Ол нәрсені толық білуші» (Әнғам, 101).

Иә адам баласының, артқаны жерге салмақ салмайды және көтере алмайды деп қорқуға еш негіз жоқ «Алла тағаланың әр нәрсеге толық күші жетеді. Шәксіз көктердің және жердің жаратылуында түннің және күндіздің өзгеруінде әлбетте ақыл йелері үшін дәлелдер бар.» (Әли ғымран, 189,190.)

Үйге қонақ шақырсақ, қонақ келмей жатып, қажетті тағамдарды жеткілікті етіп, тіпті артылып қалатындай дайындап қойатыным рас. Ал, жер шарына адамзат баласын қонақ қылып жіберген Алла біздің ризығмызды, біздің барлық жағдайымызды ойламауы ол ақылға қонымсыз нәрсе болар еді. Сондықтан, Алла Тағала: «Жерге үстініен асқар таулар жаратты да құт береке қойып, жер жүзіндегілердің ризықтарын төрт күнде шамалады. Бұл сұраушылар үшін тура жауап.» (Фұссилат 10).

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Үйленіңдер, себебі мен қиямет күнінде сендердің көптігіңмен мақтанамын». Әрине бұл хадис отбасын құруға қатысты айтылғанғой деуіңіз мүмкін, бірақ адамзат баласының көбейуі жерге бір ауырлық салмақ, немесе адамзаттың көптігінен жер қызып кететін болса Пайғамбарымызға Алла бұл нәрсені ескерткен болар еді.

Біздерге еш қайғырудың қажеті жоқ. Осынша кең байтақ жеріміз бар, тек демалып жатқан аумызды ластамай, көрінген қоқысты жерге тастамай, нығметтің қадірін біліп, таза ұстайық.

Шындығын да адамдардың көптігінен жерге салмақ түспейді, бәлкім адамдардың салақтығынан қоршаған ортаға түсері сөзсіз.

 

 Қанат ҚАЛЫМБЕТ,

Исламтанушы  

Бөлісу: