27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Исламдағы қарым-қатынастар арасындағы туыстық қарым-қатынастарға қатысты ата-ананы қадірлеу амалы мұсылман үшін үлкен дәреже болып табылады. Бұл амалдың маңыздылығы Алла Тағаланың Құран Кәрімдегі аяттардың бірінде көрсетеді:

وَقَضَىٰ رَبُّكَ أَلَّا تَعْبُدُوا إِلَّا إِيَّاهُ وَبِالْوَالِدَيْنِ إِحْسَانًا

Есте болса, Елбасымыз өткен жылдың сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік Ел: бір ел - бір тағдыр» тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында жерімізді мекендеген халықтардың түгелдей жер аударылғанын еске алған еді. Сонда Елбасымыз: «Сталин режимінде әр жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды. Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған жоқ. Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана өмір сүрді» деді.

Бүгінде америкалық брендке айналған джинсы шалбарларын кимейтін адам әлемде кемде-кем. Ал қыздар арасында сәнге айналған тар джинсы шалбарлардың зиян екенін дәрігерлер ескертіп, бүгінде дабыл қағып отыр.

Жүргізілген зерттеудің нәтижесі бойынша, үнемі тар шалбар киіп жүретін адамдардың денсаулықтарында аурудың бірнеше түрі кездеседі екен. Олардың басы жиі айналып, несеп жолдары ауруларына шалдығады. Вашингтондық дәрігер Карен Бойлдың айтуынша, тар шалбарлар неврит ауруына, жүйкенің қабынуы мен жамбас тамырларының қысылуына әкеліп соғады.

Биыл Рамазан айы негізінен мамыр-маусым айларымен тұстас келетіндіктен Ораза ұстайтындар үшін шөлге шыдау мәселесі аса маңызды болып табылады. Ораза кезінде адамдар арасында күннің астында жұмыс істейтіндер кездеседі. Сол кездерде организм көп су жоғалтса, адамның басы айналып, ыстығы көтеріліп, жүрегі айнып, тіпті құсуы мүмкін. Жазда ауыз бекіткенде шөлдемеу үшін не істеу керек? Ол үшін аздаған кеңестерге құлақ түрген жөн болады.

Таңертең ұйқыдан тұру бір уайым болса, тұрғаннан соң тиімді жұмыс істеу – екінші уайым. Ал өнімді жұмыс болуы үшін миыңыз жақсы жұмыс істеуі тиіс. Назарларыңызға миды сергітудің 10 жолын ұсынамыз.

Физикалық жаттығу

Жан алудың басы – ажалдың келуі. Ажал келсе, жан алынады. Адам баласы үшін мұнан құтылудың ешқандай айла-шарасы жоқ. Ол осы сәтте жан тапсыруға мәжбүр болады. Бұл туралы Құдірет Иесі: «Ол құлдарынан Үстем. Сендерге сақтаушы (періштелерді) жібереді. Біреулеріңе өлім келсе, елшілеріміз (яғни, періштелеріміз) оның жанын алады және еш кемшілік жібермейді», – деген.

Алла тағала айтады: «Кімге ұзақ өмір берсек, Біз оның жаратылысын (жастығы мен келбетін) өзгертіп, белін бүкірейтеміз. Адамдар осыны ойланбайды ма? (ғибратқа толы өмір жолын түсінбейді ме?)» («Ясин» сүресі, 68-аят). Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Адам қалай өмір сүрсе, солай жан береді, қалай жан берсе, солай тірілтіледі», – деген (Муслим, Жәннәт 83; Мунауи V, 663). Адам баласы өз-өзін соңғы демде толық таниды екен. Өмірде істеген әрбір амалы көз алдында анық көрінеді. Сондықтан да адам баласы үшін өлім сәтінен асқан ғибратты көрініс жоқ.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлымен сұхбат

– Ержан қажы Малғажы­ұлы, Ал­ла­ға шүкір дейміз, еліміз тәуел­сіз­дік алғалы асыл дініміз Ислам­ға кең жол ашылды. Еш­кім үгіттемей-ақ халық иман­дылыққа өзі бұрылды. Әсіресе, жастардың имандылыққа деген айрықша құлшынысы жақсылықтың нышаны емес пе, қалай ойлайсыз?

Орамал тарту – парыз. Әйел адамдардың орамал тартуы – ер кісілердің сақал өсіруінен де үлкен парыз. Орамал – мұсылман әйелдерге Жаратқанның сыйға тартқан ең қымбат сыйлығы. Оған қатысты қасиетті Құран Кәрімде бірнеше дәлел хадистер келтірілген.