«Заманың қандай болса, әлбетте бөркің сондай» деген нақылды дана халқымыз бекер айтпаса керек. Заманына сай адамы болу қашан да заңдылық екендігі әмбеге аян. Уақыттың үнін тап басып, ағымына бейімделе білуді бірінші кезекте талап ететіндігіміз түсінікті.
Мансапқорлық маңдайға біткен сормен тең
Бүгiнде қызметте тез өскен адамды жұрт табысты жан деп есептейдi. Жастардың көпшiлiгi карьералық өсудi өмiрлiк мақсаты етiп ұстанған. Өкiнiштiсi, бүгiнгi буын қарапайым жұмысшы мамандығын игерiп, адал еңбекпен өмiр сүрудi ар көретiн болып барады. Шетiнен директор, әкiм, депутат, прокурор, сот бола бермекшi. Әрине, терең бiлiм, жылдар бойы қалыптасқан тәжiрибе мен қажырлы еңбегiнiң арқасында басшы қызметке тағайындалып жатса, оған ешкiмнiң қарсылығы жоқ.
Онлайн өмірдің 10 зардабы
Біз оны білеміз. Бірақ сезіне бермейміз. Сезінуіміз мүмкін. Алайда алданып қалатынымыз анық.
Иә, қазір адам санасын басқарудың немесе адамзатты рухани аздырудың түрлі тәсілі тәжірибеге енді. Ғаламтор, әлеуметтік желілер, телефонға тәуелділік, тағысын тағылар... «Бұл – бүгінгі заманның техникалық жетістігі. Мөлшерімен пайдалана білсе – пайдасы шаш етектен», – дейтіндердің уәжі де орынды. Өзін басқара алатын (Алла Тағала бізге осындай мінез бен сипатты нәсіп еткей) адамның әңгімесі басқа.
Құран тыңдаған жапондықтардың әрекеті таң қалдырды (ВИДЕО)
Жапондықтар ислам дінімен 1877 жылы пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) өмірбаяны жапон тіліне аударылған кезде алғаш рет танысты. Әуелі жапондықтар бұл еңбекті тек қызықты мәдени, тарихи мұра ретінде ғана қабылдады.
Елбасы Жолдауы: Мәңгілік елдің мұраты – асыл
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауы біз үшін әрқашан маңызды. Жолдау – халықтың үмітін үкілеп, сенімін ақтап, болашаққа жоспарлы қадам жасауға күш беретін елдік жоспар деп білемін.
Жолдау-2017: Ұрпақ тәрбиесіне басымдық берді
Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауында ел экономикасын өркендетіп қана қоймай, білімді дамыту, руханиятымызды жаңғырту, қауіпсіздік шараларын күшейту, діни экстремизмді алдын алу, қылмыстық жазасын өтеп жатқан азаматтарды теологиялық тұрғыдан сауаттандыру мәселелері айтылды.
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы
Ақорданың ресми сайтында ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбындағы жолдауы жарияланды. Нaзарларыңызға Жолдаудың толық мәтінін ұсынамыз.
Түс жорығанда нені ескерген жөн?
Имам Мәліктен «Кез келген адам түс жори ала ма?», - деп сұралғанда, ол «Түсті жақсы жори алатын адам ғана жоруы керек.
Халал асты қалай таңдаймыз?
Дін ғалымдары күніне жүз мәрте Жаратқаннан жарылқау тілеп, дұға жасасаң да ішкенің адал болмаса, дұға-тілектің қабыл болмайтынын алға тартады. Демек, Алланың алдындағы адалдығымыз адал ас ішуден басталады. Мұндайда дана xалқымыз "Ауру - астан" деп дәл айтқан. Осы орайда xалал ас пен xарам ас төңірегінде кеңірек білу үшін ҚМДБ-ның "Халал стандарттау" бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев мырзамен сұxбаттасқан едік.
МАХАББАТ ДАҒДАРЫСЫ
Өмірден тәлім алмаған,
Ешбір мұғалімнен тәлім ала алмайды...
Рудаки
Қан алдырудың (хиджама) уақыты
Пағамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннеті бойынша қан алдыру үшін қамари айлардың 17, 19, 21-күндері дүрыс делінген. Ибн Сина өз еңбегінде қамари айлардың басы қан алдыруға тиімсіз екенін, сол үшін айдың ортасында қан алдыру дұрыс болатынын айтқан. Өйткені қамари айлардың басында ағзадағы қан азаю байқалады деп түсіндірген. (Ибн Сина, Қанун, 1,212 бет).