07
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Жаратушы сыйға тартқан орамал

Мақалалар
Жарнама

Орамал тарту – парыз. Әйел адамдардың орамал тартуы – ер кісілердің сақал өсіруінен де үлкен парыз. Орамал – мұсылман әйелдерге Жаратқанның сыйға тартқан ең қымбат сыйлығы. Оған қатысты қасиетті Құран Кәрімде бірнеше дәлел хадистер келтірілген. 

 

Төмендегі суреттер ертеде әр өңірдегі аналарымыздың орамалмен түскен суреттері

 Altay

Алтай өңірі, 19 ғасыр

«Егер пайғамбардың жұбайларынан бір нәрсе сұрасаңдар, онда бір қалқаның артында тұрып сұраңдар! Осылай істеулерің сендердің де, олардың да, (яғни екеулеріңнің де) жүректерің үшін (шайтанның азғыруынан, яғни жаман ойлардан) таза болмақ. /Ахзаб, 53/ Құрандағы осы аят «хиджаб аяты» деп танылған. Бұл мүмін әйелдерге хиджабтың парыз болып түскені туралы бірінші аят.

Turkistan

Түркістан, 1871 жыл 

Алла Тағала «Ахзаб» сүресінің 59-шы аятында: «Әй, пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және мүмін әйелдерге айт! (Үйлерінен шығатын болса) үстеріне жилбәбін (яғни жамылғысын) жапсын! Бұл оларды жеңіл (күң емес, жезөкше емес, азат әрі пәк әйел екендігін) тануға, оларға бөтен еркектердің тиіспеуіне жақын!» деп бұйырды. Осы аят көпшілік ғалымдардың мақұлдауымен негізгі  «хиджаб аяты» деп саналады. Бұл аят барлық мүмін әйелдер бөтен еркектерден бүкіл денесін жасыруы парыз екенін ашық білдіреді. Осы аяттағы «жилбәб» сөзі араб тілінде бүкіл денені жабатын жамылғыш. Сахабалардың әйелдері осы аяттан соң бүкіл денесін жапты.

Jaiyq

Жайық, 1875 жыл

«Кім тәккаппарлықпен киімінің етегін жерге сүйретіп жүрсе, Алла Тағала оған Қиямет күні қарамайды» - деді. Сонда Умму Сәләма анамыз: «Әйелдер етектерін не істейді?» - деді. Ол: «Балтырының ортасынан бір қарыс түсіріп жүреді» - деді. Сонда Умму Сәләма: «Ондай болса олардың аяқтары ашылып қалады» - деді. Ол: «Олай болса онда олар бір білек түсіреді, одан арттырмайды» - деді. (Имам Ахмад риуаят еткен)

Syr

Сыр өңірі, 1884 жыл

«Алла ешбір кісіге оның шамасынан тыс нәрсені жүктемейді...» (Бақара сүресінің 286-шы аяты)

Esil

Есіл, 1894 жыл

«Әй, Мұхаммед! Мүміндерге айт! Бөгде әйелдерге қараудан көздерін төмен түсірсін және ұятты жерлерін харамнан сақтасын! Осы олар үшін ең таза жол. Расында Алла олардың не істейтіндерінен Хабардар. Мүмін әйелдерге де айт! Бөтен еркектерден көздерін төмен түсірсін! Әрі ұятты жерлерін харамнан сақтасын! Олар тек өздігінен көрініп тұрғаннан басқа әшекейлерін көрсетпесін! Және орамалдарын басына салып, онымен омырауларын жапсын! Әрі олар әшекейлерін көрсетпесін! Тек күйеулеріне, немесе әкелеріне, немесе күйеулерінің әкелеріне (яғни қайын аталарына), немесе ұлдарына, немесе күйеулерінің (басқа әйелдерден туған) ұлдарына, немесе аға-інілеріне, немесе аға-інілерінің ұлдарына, немесе әпке-сіңлілерінің ұлдарына, немесе мұсылман әйелдерге, немесе құлдарына, немесе әйел керек қылмайтын еркектерге, немесе әйелдердің ұятты жерлерін білмейтін жас балаларға көрсетсе онда оған рұқсат. Өздерінің жасырған әшекейлері біліну үшін аяқтарымен жерді тепсініп жүрмесін! Әй, мүміндер! Табыста болуларың үшін барлығың Аллаға тәуба етіңдер!» ("Нұр" сүресі, 30-31 аяттар).

Semey

Семей, 1907 жыл

«Мен көрмеген тозақылардың екі түрі бар: Қолдарында сиырдың құйрықтары сияқты қамшыларымен адамдарды ұратын кісілер және бұзылуға бейім әрі басқаларды да бұзуға дайын, шаштары түйелердің өркештері сияқты, үстерінде киімдері болғанымен жалаңаш әйелдер. Олар Жәннатқа кірмейді, оның исін де сезбейді. Ал оның исі өте алыс жерден сезіліп тұрады»  (Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадис)

Shu

Шу, 1910 жыл

 

Әлемдегі хиджабтың жағдайы:

Қызыл: рұқсат етілмеген (мемлекеттік мекемелер/оқу орындары)

Сары: кейбір әйелдер киеді

Ақшыл жасыл: әйелдердің біразы киеді

Орташа жасыл: әйелдердің көбісі киеді

Қою жасыл: заң бойынша міндеттелген

Alemde

Алласын танып, өздігінен ұятын жапқан, тәубесіне келген, шындықтың не, жалғанның не екенін білген, дәретсіз жер баспаудың, дәретсіз бала емізбеудің жолын тапқан, ұлттық дәстүрімізді жаңғыртып, орамал тағып, жабық киінген әпкелеріміз бен аруларымызға Алла разы болсын!

Салтанат ҚОЖА

Алла Тағала «Ахзаб» сүресінің 59-шы аятында: «Әй, пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және мүмін әйелдерге айт! (Үйлерінен шығатын болса) үстеріне жилбәбін (яғни жамылғысын) жапсын! Бұл оларды жеңіл (күң емес, жезөкше емес, азат әрі пәк әйел екендігін) тануға, оларға бөтен еркектердің тиіспеуіне жақын!» деп бұйырды. Осы аят көпшілік ғалымдардың мақұлдауымен негізгі  «хиджаб аяты».

Бөлісу: