24
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Әйелдердің мешітке жамағат намазына келуі шарт па?

Әйелдердің мешітке жамағат намазына келуі шарт па?

Намаз

Жас әйелдердің мешітке жамағат намазына келуі – мәкруһ тахриман. Ал жасы келген әйелдердің таң, ақшам және құптан намаздарына келуінде әбестік жоқ (Мухтасар әл-Қудури).

Себебі жас әйелдердің жамағат намазын оқу үшін мешітке келуі фитна тудырады. Әрі көшедегі лас пиғылды адамдар әйелдің ар-ұятына яки болмаса денсаулығына нұқсан келтіруі мүмкін. Әрі Алла Елшісі (с.ғ.с): «Әйелдердің үйде оқыған намазының сауабы мешітте оқыған намазының сауабынан көбірек» - деген.

Имам Әбу Юсуф пен Имам Мұхаммедтің көзқарасында жасы үлкен әйелдердің жамағат намазына келуіне болады. Бұл мәселеде бастысы – әйелдердің мешітке келуі себепті фитнаның болуы. Егер әйелдердің мешітке келуі фитна тудырмаса және мешітке келуі олар үшін пайдалы болса, әйелдерді мешітке келуден қайтармаймыз. Себебі мешіттен тыс жағдайларда әйелдер базар т.б жерлерге өз қажеті үшін шығуға тиым салынбаған. Сол сияқты әйелдердің мешітке келуі әйелдер үшін пайдалы болса, онда оларды мешітке келуден не үшін қайтарамыз?  (Ғибадат тұтқасы,150-бет).

материал «Нәзік жанның намазы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: