24
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Шарф бетті жауып тұрса, намаз оқуға рұқсат па?

Шарф бетті жауып тұрса, намаз оқуға рұқсат па?

Намаз

Жалпы ауызды жауып намаз оқу мәкруһ саналады (Имам Тахтауи, Хашияту ат-Тахауй ғәлә Марақил Фалах, 350. Әл-Фатауа әл-Хиндия, 1/107).

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұл іске тыйым салған. Себебі ауызды жауып намаз оқу қырағат етуге, бекітілген зікір-тәсбихтарды айуға кедергі болады. Егер ауызын қолымен жапса, қолға байланысты бекітілген сүннетті тастаған болады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Намазда қолдарыңды (көтере бермей) тыйыңдар», – деген.

Егер ауызын киімімен жабатын болса, онда мәжусилерге (отқа табынатындарға) ұқсап қалады. Өйткені олар отқа табынатын кезде беттерін орап, жауып алатын болған. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бетін орап намаз оқуға тыйым салды. Тек есінеген кезде ауызды жабудың әбестігі жоқ деген (Бадайғ санайғ, 1/ 216).

материал «Мұсылманның көктемі» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: