24
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ер мен әйелдің қосылу әдептері

Ер мен әйелдің қосылу әдептері

Исламдағы отбасы
Жарнама

Қосылуда мүстаһаб болғандар:

1. Қосылуға “әузу бисмиллә” айтып бастау керек. Ниеті – өзін және әйелін зинадан қорғау және қайырлы бала жетілдіру болу керек!

2. Қосылмастан бұрын әйелмен жеткілікті мөлшерде ойнасу, аймаласу керек және әйелде күшті қалау пайда болғанда ғана бастау керек. Мұндай бастамасы болмай тұрып қосылу әйелге жапа шектіреді.

3. Қосылу кезінде бітіруге асықпау керек, әйелінің де қанағаттануын күту керек.

4. Қосылу біткеннен кейін дереу тұрып кетпеу керек, біраз бірге болуға тырысу керек.

5. Қосылудан кейін қайтадан мәпелесу үшін немесе ұйықтау үшін әурет жерлерін жуу керек. Дәретті немесе ғұсылды дереу алу керек емес болса да, ертерек алған жақсы болады.

6. Қосылудың дүйсенбі түні және жұма түні болуы жақсы. Басқа түндері де қосылу жаиз. (Жұма түні: бейсенбіден жұмаға қараған түн)

Қосылуда мәкрух болған нәрселер:

1. Қосылу кезінде аяқты қыблаға қарату.

2. Көрпе секілді жамылғы түрімен жабынбай, ашық күйде тыржалаңаш қосылу.

3. Оргазмға бөленген кезде сөйлеу, күлу, дауыс шығару. Бұл жағдай баланың сөйлеуде кемшіліктеріне себеп болуы мүмкін. Бұл сөйлеулер қосылудың ләззатын азайтады. Сөйлесу және сыбырласулар бастапқы дайындық кезінде болуы керек.

4. Жұбайының және өзінің әурет мүшелеріне қарау мәкрух болады. Бұл қараулар кемшіліктерге және ұмытшақтыққа себеп болады. Қажеттілік кезінде ерлі-зайыптылар бір-бірінің басынан аяғына дейінгі барлық жерлеріне қарауына болады.

5. Қамари айлардың алғашқы, орта және соңғы түндерінде қосылмау керек.

Кейбір әдеп кітаптарында қосылу уақыты туралы және бұл уақыттан туылатын балаларға беретін әсерлері туралы жазылған. Бұлар діни тұрғыдан орындалуы мәжбүр болған үкімдерден емес. Бірақ айтылған уақыттар бойынша амал ету пайдалы болады. Ерлі-зайыптылардың өз араларындағы жыныстық қатынастарымен байланысты махрем сырларын басқаларға айтуы харам болады.

Қосылу үшін кеңес берілген уақыттар:

Дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма түндері және күндіз түске дейін.

Қосылуға кеңес берілмеген уақыттар:

1. Апта ішінде жексенбі түні және сәрсенбі түні,

2. Қамари айлардың бірінші, он бесінші және соңғы түндері,

3. Рамазан айт және құрбан айт түндері,

4. Бәрат түні,

5. Жолға шығатын түні,

6. Күндіз түстен кейін.

Бұлар кеңес болып табылады. Шахуаттанып харам істеу қауіпі бар болса, мәселен бөтен әйелге шахуатпен қарау қауіпі бар болса, мәкрух болмайды. Керісінше ондай кезде қосылу керек болады. Күнге уақытқа қаралмайды.

Қосылу үшін дұрыс болмайтын жағдайлар:

1. Әйелінің разылығы болмаса,

2. Дәрет қысып тұрса,

3. Қатты тойып, ауырып немесе шаршап тұрса,

4. Өте суық және өте ыстық болса.

Қосылудың басқа да әдептері

Өзін харамнан қорғауға, халал жолмен жүруге ниет етуі керек, қосыларда шайтаннан Алла Тағалаға сиынып “Бисмилләһи Аллаһуммә жәннибнәшшәйтанә уә жәнибиш-шәтана мә разақтәнә” деп айту керек. Осылай бала көтерсе шайтан оған зиян бермейді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Қосыларда бисмилләһ айт. Жүніп халден тазаланғанға дейін саған сауап жазылады. Бұл қосылудан бала туылса саған, бұл баланың алған демінің мөлшеріндей және оның ұрпақтарының демінің санындай сауап жазылады» деген.

Әйелінде шахуат, қалау сезімі пайда болғанға дейін онымен ойнасу керек. Мұның дененің рахаттануы және туылатын баланың кемшіліксіз болуы секілді пайдалары бар. Асықпау керек.

Хадис шәрифте «Еркек әйелімен қосыларда қораз секілді мініп түспесін. Өзі рахат алғаны секілді әйелі де рахат алғанға дейін қарнымен жатсын» және «Әйелің рахат алмай тұрып сен рахат алсаң ол күннің қалған бөлігі әйел үшін босаңдықпен және жалқаулықпен өтеді» делінген.

Әйелімен хаиз жағдайында қосылу харам болып табылады. Әйелдің үзірі болмай тұрып, хаизбын деп өтірік айтып күйеуінен ұзақ тұруы да харам, үлкен күнә болады.

Хадис шәрифте: «Кісі әйелін төсегіне шақырғанында әйелі келуден қашса, күйеуі осы себепті ашулы, ренжулі күйде ұйықтаса, періштелер таңға дейін ол әйелге лағынет айтады» делінді.

Лағынеттелген қатынастар

Хаиз халінде де, таза кезінде де әйелге артқы тесігінен жақындау харам, үлкен күнә болады. Оған халал деп сенген адам діннен шығады. Артына (анусына) болмау шартымен арқасынан әйелдік мүшеге жақындау жаиз болады.

Хадис шәрифте былай делінеді: «Кімде-кім әйеліне артынан (анустан) жақындаса, Алла Тағала және періштелері оған лағынет етеді және Алланың рахметіне қауыша алмайды.» Әйелі разылық білдірсе ол да бұл күнәға ортақ болады. Харам болған істерде күйеуінің әміріне бағынылмайды.

материал «Бақыттың кілті – жанұя» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: