Абу Толиб саудамен айналысып, сол мақсатта Шамға сапар шегетін. Бір жолы ол өзімен бірге Пайғамбарымызды (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) алады. Ол кезде Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) жасы он екіде болатын.
Жолда Бусра қаласында олар Бухайра есімді монахпен кездеседі. Бухайра христиан дінінің несториан ағымын ұстанатын. Ол ағымның ұғымында Иса пайғамбар (ғаләйһис-саләм) Құдайдың ұлы емес, пайғамбар ретінде қабылданады.
Бухайра Пайғамбарымыздан (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Иса пайғамбар (ғаләйһис-саләм) айтып кеткен Ақыр заман пайғамбардың сипаттарын көріп, ол жайында Абу Толибке айтып береді.
Абдуссамад Махат
«Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы