26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

4. Оразаны толық ұстаудың шарттары

Ораза

Үш жағдайда оразаны толық ұстау шарт:

1. Дені сау болу.[1]Хақ Тағаланың: «Сендерден біреу науқас немесе жолаушы болса, ораза ұстамаған күндерін басқа күндерде ұстасын»,-дегеніне сай,[2] ауыз бекітуге кедергі болатын науқасы бар адам ораза ұстамай, емделіп сауыққаннан кейін оразаның қазасын күнге-күн етіп өтейді.[3] Рамазан ай бойы ауырған адам қазасын ай күнін есептеп[4] өтейді.

Мәселен, ауру себебінен бір апта ауыз бекітпеген болса, Рамазаннан кейін келесі ораза айына дейін аралықта қазасын өтейді. Науқастануы себебінен Рамазанның қазасын өтейтін адам, мысалы бір апта қазасын үздіксіз ұстауы шарт емес. Ыңғайына қарай арасын бөліп ұстаса болады.[5]

2. Тұрғылықты болу.[6] Бұл мәселеге де Хақ Тағаланың: «Сендерден біреу науқас немесе жолаушы болса, ораза ұстамаған күндерін басқа күндерде ұстасын»,-дегені дәлел.[7] Осы аяттағы «жолау-шы болса, ораза ұстамаған күндерін басқа күндерде ұстасын» сөзіне сай Рамазан айында сапарда болған адамның ауыз бекітуі шарт емес. Жол жүру себебінен ораза ұстамаған адам да Рамазан мен келесі оразаның аралығында қазасын күнге-күн етіп өтейді.[8] Әрі сапар себебінен оразасын қаза еткен адам да қазасын үздіксіз өтеуі міндетті емес.[9]

Үшінші шарт әйелдерге қатысты. Ол: хайз,[10] нифас[11] болмау.[12]

Абдуссамад Махат

«Нұр Астана» мешітінің наиб имамы

 



[1]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи», «Әл-фиқһу ъаләл-мазаһибил-арбаъа».

[2]«Бақара» сүресі, 184 аят.

[3]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи», «Әл-фиқһу ъаләл-мазаһибил-арбаъа».

[4]себебі, Рамазан ұзақтығы айдың кезеңіне (цикліне) қарай бірде 29 күн болса, бірде 30 күн болуы мүмкін.

[5]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи», «Әл-фиқһу ъаләл-мазаһибил-арбаъа».

[6]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи», «Әл-фиқһу ъаләл-мазаһибил-арбаъа».

[7]«Бақара» сүресі, 184 аят.

[8]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи».

[9]«Әл-фиқһу ъаләл-мазаһибил-арбаъа».

[10]хайз - әйелдердің ай сайынғы етеккірі.

[11]нифас - әйел босанғаннан кейін келетін етеккірі.

[12]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи».

Бөлісу: