26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ораза ұстаған адамға екі шаттық бар

Ораза

«Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) айтады: «Адам баласының барлық амалының сауабы оннан жеті жүз есеге дейін артық беріледі. Алла Тағала айтады: «Оразадан тыс. Өйткені ораза Мен үшін. Мен оразаның есесін беремін. Себебі, ораза кезінде пенде Мен үшін шәһуеті мен асынан тыйылады». Ораза ұстауған адамға екі шаттық бар.

Бірі – ауыз ашқанда қуанады. Екіншісі – Қияметте Раббысымен жүздескенде ораза ұстағанына қуанады. Ақиқатында Қиямет күні Жаратушы Иенің жанында оразашының аузының иісі мисктің иісінен абзал».

Хадисті Әбу Һурайрадан (родиял-лаһу ғанһу) Имам Муслим және Имам Насаи риуаят етті.[1]

 



[1] «Риядус-Солихин», «Сунәнун-Насаи», «Сахиху Муслим», «Зиядатүл-Жәмиъис-Сағир», «Кәшфүл-Хафа», және «Канзүл-Ъүммәл».

Бөлісу: