26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

14. Тек фидьяны міндеттейтін жағдайлар

Ораза

 

«Фидья» сөзінің түп негізгі мағынасы: адам мал-дүниесін жұмсауы арқылы түрлі тауқыметтен сақтануы.[1] Сонымен қатар, «фидья» сөзі «төлем», «өтем», «құтылу» деген де ұғым-дарды білідіреді.[2]

Ораза мәселесіне келер болсақ, «фидья» деп қаза болған күндерге берілетін өтемі айтылады.

 

Мына адамдарға ораза ұстамай фидья берсе болады:

1. Ауыз бекітуге шамасы келмейтін қарт. Денсаулығы бар, ауыз бекітуге шамасы жететін қарт ораза ұстайды. Алайда, қарттығы себебінен әлсіреп, ауыз бекітуге шамасы келмейтін адам әр күніне бір кембағалды тамақтандырады. Мәселен, Әнас ибн Малик (родиял-лаһу ъанһу) қартайған шағында бір немесе екі жылдың оразасында күнделікті бір кембағалды тамақтандырған болатын.[3]

2. Аурудан айығып кетуінен күдер үзген адам.[4]

3. Шариғатта қарастырылған басқа бір себептермен ауыз бекітуге жағдайы келмейтін адам.[5]

Абдуссамад Махат

«Нұр Астана» мешітінің наиб имамы

 



[1]«Муфрадату әлфазил-Қуран».

[2]«Лисәнүл-Ъараб».

[3]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи».

[4]Бұл да сонда.

[5]Бұл да сонда.

Бөлісу: