25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Рамазанның соңғы он күні – Жәннатқа кіру мүмкіндігі

Қазір біз Рамазан айының соңғы күндеріне таяп қалдық. Бұл күндер аса маңызды. Белгілі хадистерде келтірілгендей, Рамазанның соңғы он күні – Тозақтан құтылу кезі.

Рамазан айы – Құран айы

Аса Рақымды Мейрімді Алланың атымен бастаймын.

Жаратушы Хақ Тағала адам баласын ең кемел әрі көркем бейнеде жарата отырып, оны сансыз нығметтерге бөлеген. Бұған қоса, сол нығметтердің қадірін түсіндірсін, адамның әрі бүкіл болмыс атаулының жаратылыс мақсаты мен сырларын ұғындырсын деп әр қауымға өз елшілерін жіберіп отырған.

Рамазан айының оразасын себепсіз бұзуға бола ма?

Шариғат әркімнің шама-шарқына қарай кәффарат өтеу жолдарын реттік тәртіппен бекіткен. Алдымен құл азат ету, бұған шама жетпесе, екі ай қатарынан ораза ұстау, бұған да шама жетпесе, 60 мұқтажды тамақтандыру. Бұл реттік тәртіп қатаң сақталуы қажет.

Рамазан айындағы иғтиқаф

Араб тілінде иғтиқаф – бір жерде тұру, күту, өзін бір жерге қамау деген мағынаны білдіреді. Фиқһ терминінде азан шақырылып, қамат түсірілетін мешітте иғтиқафқа ниет етіп, белгілі бір мезгіл сол жерде қалуды білдіреді.

Қадір түнін қалай өткіземіз?

Айлардың сұлтаны – Рамазан айы болса, түндердің ең құндысы, ең қасиеттісі, төресі - Қадір түні. Өйткені, бұл түнде адамзатқа арналған Алланың сөзі қасиетті Құран Кәрімнің аяттары түсе бастаған. Алланың мейірімінен үміт еткен әрбір адам Қадір түні кірместен бұрын мүмкін болса ғұсыл алып (толық жуынып), дәрет алып, таза киім киіп, хош иісті әтір себініп, қасиетті түнді күтуге дайындық жасайды.

Оразам қабыл болсын десеңіз...

Иісі мұсылман жұрты Рамазан айының алғашқы он күндігін де тәмамдады. Әлмисақтан мұсылман қазақ халқы асыл дінді салт-санасына сіңіріп, тұрмыс-тіршілігіне арқау етіп келеді. Қасиетті айларда қал-қадірінің жеткенінше құрметпен, биік мәртебемен атқаруға күш салады.

Ораза ұстадың ба, ұстамадың ба?

Қасиетті Рамазан айы келгелі айналамыздан Алланың разылығы үшін ауыз бекітіп, ораза ұстаған кісілерді көптеп кездестіреміз. Жақындарымыздың «мен биыл ораза ұстадым» деп айтатынын да жиі естіп жүрміз.

Ораза мен аштық жариялаудың айырмашылығы

Неміс зерттеушілері оразаны екі-ақ сөзбен «Пышақсыз операция» деп атаған екен. Зерттеуші Жозеф Чепач ораза туралы мақала жазу үшін 1 айдан астам уақыт ораза ұстап көрген. Оның пікірінше, ораза Ислам мемлекеттерінен тысқары елдерде де өте тез тарауда. Бұл тақырыпты көптеген ғалымдар зерттеу әрі аурулардың алдын алу үшін науқастарға ораза ұстау керектігін айтатын дәрігерлердің саны да күн өткен сайын көбейе түсуде.
Жозеф Чепач мынандай деректер келдіреді:

Ораза күнтізбесі қашан пайда болған?

Ислам тарихында Рамазан айының шығу тарихы туралы көптеген қызықты ақпарат бар. Соның бірі – Рамазан күнтізбесінің бізге қалай жеткендігі туралы мынадай тың мәліметке көз жүгіртейік. 

Рамазан айында кездесетін 7 қателік

Алла Тағала оразаны үлкен мақсат үшін парыз етті. Ораза – тақуалық, жанды тазарту және бойдағы мінездің мінін түзейтін құлшылық. Ауыз бекіту пенделерді аштық және шөлмен қинау емес. Сондықтан тұтқан ораза шариғат үкімдеріне сай және әдептері сақталса, мол жемісін береді.