26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Не себепті Ашура күні ораза ұстаймыз?

Не себепті Ашура күні ораза ұстаймыз?

Ораза

Муслимнің "Сахих" жинағында Ашура күні ораза тұту бір жылдық қателіктерді жуады деп айтылса, ал қажылық кезінде Арафат күнгі ораза екі жылдық күнәға кәффарат болады делінген.

Бұхари мен Муслимнің жинақтарында Абдулла ибн Аббас (оған Алла разы болсын) жеткізген мынадай хадис бар: Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Мәдинаға қоныс аударып келгенде, Мәдиналық яһудилердің Мұхаррам айындағы Ашура күні ораза тұтып жүргенін көреді. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) олардан: «Сендер ораза тұтып жүрген бұл қандай күн?»  деп сұрайды. Олар: «Бұл – ұлы күн, онда Алла Мұса мен оның қауымын құтқарып, перғауын мен оның қауымын суға батырған. Мұса бұл күні шүкіршілік ретінде ораза тұтқан, сондықтан біз де бұл күні ораза тұтамыз» деп жауап береді. Сонда Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Сендерге қарағанда Мұсаға біз көбірек құқылымыз әрі оған біз көбірек лайықпыз» деді. Сөйтіп Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) осы күні ораза тұтып, мұсылмандарға да осы күні ораза тұтуды бұйырады.

ummet.kz

Бөлісу: