25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Мұхаррам айында ораза ұста, өйткені ол – Алланың айы

Мұхаррам айында ораза ұста, өйткені ол – Алланың айы

Ораза

Қасиетті Құранда Алла Тағала: «Тегінде, аспан мен жер жаратылған күннен бастап, Алла айдың санын он екі етіп белгілеген. Оның төртеуі (Зулқағда, Зулхижжа, Мұхаррам, Режеп) соғысуға тыйым салынған айлар. Дінде бұл дұрыс. Бұл айларда сендер өздеріңе зиян жасамаңдар. Бірақ, кәпірлер бірігіп алып, сендерге шабуыл жасаса сендер де бірігіп оларға қарсы шабуыл жасаңдар. Естеріңде болсын, Құдай қашанда діндарлар жағында» («Тәубә» сүресі, 36-аят), - деген.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадисінде: «Қасиетті айларда жақсылық көбейеді. Алла Тағала пендесінің иманына қуат береді. Бұл күндерде Алланың рахметі көбейеді. Осындай күндерде құлшылық ету және ораза тұту арқылы сіз де Алланың рахметіне бөленіңіз», - десе, ендігі бір өсиетінде: «Бір кісі осы қасиетті айлардың бейсенбі, жұма, сенбі күндерінде ораза ұстаса, Алла Тағала ол кісінің үш күндік тұтқан оразасына екі жылдық оразаның сауабын береді. Егер сәрсенбіден тұтып жұма күні садақа берсе Алла Тағала ол кісінің барша күнәларын кешіреді», - деп мұхаррам айында ораза ұстаудың артықшылығын баян еткен.

Пайғамбарымыздан (с.а.у.) Әли (р.а.) бастаған бір топ сахабалар келіп: «Ей, Алла Елшісі! Рамазаннан басқа уақытта ораза ұстау әмір етілсе қайсы айды және қайсы уақытта ораза ұстауды бұйырар едіңіз?, - деп сұрады. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Рамазаннан басқа бір айда ораза ұстауды қаласаң мұхаррам айында ораза ұста. Өйткені мұхаррам айы соғысу харам етілген Алланың айы. Сол себепті осы айда ауыз бекіт. Бұл айда бір күн бар, ол күні Алла Тағала бұрынғы өткен қауымдардың кейбірінің күнәсін кешірген. Аллаһ Тағала бұрынғы өткен қауымның күнәсін кешіргеніндей басқа қауымдардың да күнәсін кешіруді нәсіп етті», (Имам Тирмизи риуаяты) - деді.

 Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өзге хадистерінде рамазан айының оразасынан кейінгі ең абзал ораза Алла Тағаланың қасиетті айларының бірі мұхаррам айының оразасы, ал парыз намазынан кейінгі ең абзал намаз түнгі намаз екендігі айтылған. Әбу Ләйс әс-Самарқанди кітабында Адам атаның (а.с.) тәубесін Алла Тағала мұхаррам айында қабыл етіп, Дәуіттің (а.с.) күнәсін де осы ай ішіндегі Ашура күні кешіргені жазылған.

ummet.kz

Бөлісу: