14
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Ұмраға рамазан айында барудың артықшылығы қандай?

Ұмра (араб тілінде) – зиярат ету деген мағынаны білдіреді. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы – белгілі бір уақыттан тыс жылдың кез-келген уақытында ихрамға кіріп, тауап және сағи жасағаннан кейін шашты алғызып немесе қысқартып, ихрамнан шығу жолдарымен атқарылатын ғибадат.

Оразаның басқа құлшылықтан айырмашылығы неде?

Бұл имам Бұхари мен Мүслим хадистер жинағында келген хадис. Риуаятта Алла Тағаланың: «Адам баласының оразадан басқа барлық амалы өзіне. Ол (ораза) Мен үшін. Оның сауабын Мен беремін...», – дегені көрсетіледі.

Ораза бұзылғанда әрі қаза, әрі кәффарат қажет болатын жағдайлар

Рамазан айында себепсізден-себепсіз біле тұра ішіп-жесе немесе жыныстық қатынас жасаса әрі сол күннің қазасын, әрі кәффаратын өтеу қажет.

Рамазан айында қандай құлшылықтарға басымдық берген жөн?

Рамазан – Құран түскен ай. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) рамазан айында Құран оқып, көп садақа бергені жайында риуаяттар бар.

Ауыз ашар кезде дұға жасамай бірден ауыз ашуға бола ма?

Оразаның шариғаттағы мағынасы – екінші шапақтан бастап, яғни таң намазының уақыты кіргеннен бастап күннің батуына дейін Алла тағаланың разылығы үшін тамақ ішіп-жеуден, жыныстық қатынастан, жаман әдеттерден ұзақ тұру дегенді білдіреді.