27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Ұмраға рамазан айында барудың артықшылығы қандай?

Ұмраға рамазан айында барудың артықшылығы қандай?

Ораза

Ұмра (араб тілінде) – зиярат ету деген мағынаны білдіреді. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы – белгілі бір уақыттан тыс жылдың кез-келген уақытында ихрамға кіріп, тауап және сағи жасағаннан кейін шашты алғызып немесе қысқартып, ихрамнан шығу жолдарымен атқарылатын ғибадат.

Ханафи, Малики мәзһабында мүмкіндігі болған әр мұсылманға ұмра жасау – бекітілген сүннет. Ал Шафиғи және Ханбали мәзһабтарында, шамасы жеткен әрбір мұсылманға өмірінде бір рет ум­ра жа­сау – па­рыз.

Ұмра ғибадатын кез-келген уақытта орындауға болады, бірақ құрбан айт күндері орындау – тахриман мәкрүһ. Ұмраның Рамазан айында жасалуы абзал және сауабы мол.

Мұсылманның көпшілігі ұмраны рамазан айында жасауға тырысады. Себебі рамазан айында жасалатын ұмра сауабы тұрғысынан қажылықпен теңеледі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадисінде: «Рамазан айында жасалатын умра – қажылыққа тең» деп айтқан. Рамазан айы – басқа айларға қарағанда сауаптар еселеніп жазылатын ай. Айлардың төресі. Сондықтан осындай ерекше айды мұсылмандардың да ерекше жерде ерекше құлшылықтармен атқаруға тырысатыны қалыпты жағдай. Бірақ жоғарыда да айта кеткеніміздей, ұмраны жылдың кез-келген уақытында атқаруға болады.

материал «Рамазан айы әйелдерге тән мәселелер» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: