27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Зекетті не үшін рамазан айында берген абзал?

Зекетті не үшін рамазан айында берген абзал?

Ораза

Рамазан айына қатысты хадисте: «Адам баласының барлық игі істерінің сауабы артады.

Әрбір жақсылыққа он еседен жеті жүз есеге дейін сауап жазылады», – делінген. Демек өзге айларға қарағанда бұл ай сауаптар еселеніп жазылатын игілікке толы ай болғандықтан, Ислам ғалымдары осы айда берген абзал деген тұжырымдама жасаған. Әрі зекетті берген уақытын ай күнтізбесіне сай оңай есептеуі үшін рамазан айы зекет бергенге өте қолайлы ай. Десе де, зекет парызын өтеу үшін белгілі бір ай немесе күн бекіту міндетті емес. Ең бастысы, зекет парыз болу үшін нисап мөлшеріндегі байлығына бір жыл толған болуы керек. Алайда бір жыл толмаса да алдын ала беруіне рұқсат.

материал «Оразаға қатысты 200 сұрақ» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: