Ниет деген «бір нәрсеге іштей оқталу», «бір нәрсені істеуді діттеу» деген мағынада.
Сондықтан да, егер бесін намазын оқуға іштей оқталған болсаңыз, яғни, іштей бесін намазын оқуды ойлап тұрсаңыз, алайда, ауызша «таң намазын оқымаққа» деп қателесіп айтқан болсаңыз, ниетіңіз дұрыс, намазыңыз уақыты кірген «бесін» намазына есептеледі. Себебі, ниетте - ауыздағы емес, көкейдегі маңызды.
Керісінше болса: егер көкейіңізде шатасып басқа намаз оқуға оқталып тұрсаңыз, алайда аузыңызбен дұрыс айтсаңыз да, ол ниет саналмайды.
Алла ниетімізді дұрысы қылсын! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!
материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,
ummet.kz