26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Сырт дәрет алу барысында біреумен сөйлесудің үкімі қандай?

Сырт дәрет алу барысында біреумен сөйлесудің үкімі қандай?

Намаз

Сырт дәрет алу барысында қажет болмаса да біреумен сөйлесу – дәреттің әдебіне теріс[1].

Өйткені, дәрет алу кезінде белгілі дұғаларды оқу ұнамды іс, ал дұға айтудың орнынан қажетсіз әңгіме-дүкен құрып тұрса, лайықсыз іс болады. Оның орнына кәлима айтып тұрса, сонысы артық. Бірақ сөйлескен кісіге күнә жазылмайтындығы анық және сөйлескені үшін де дәретін қайта алуының қажеті жоқ. Дәрет алу сәтінде сөйлемеу – мұстахаб амалға жатады. Егер біреуге жауап беру қажет болып тұрса жауап беруге болады немесе біреуге бір нәрсе айту керек болып тұрса, айтуға болады, ал қажеттілік жоқ кезде сөйлемей ойды дәретке және сол дәретпен орындамақ болған ғибадатқа шоғырландырғандығы абзал. 

 

[1] Имам Шүрунбүләли: «Имдәд».

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: