25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Азан шақырылған соң парыз намазы басталғанша нәпіл намаз оқуға бола ма?

Азан шақырылған соң парыз намазы басталғанша нәпіл намаз оқуға бола ма?

Намаз

Таң намазы мен ақшам намазынан өзге намаздарда азан шақырылғаннан кейін, парыз намаз басталғанша, нәпіл намаз оқуыңызға рұқсат.

Ал таң намазының уақытында тек таң намазының сүннеті оқылады, одан басқа нәпіл намаз оқылмайды (қаза намаз оқуға рұқсат).   

Сондай-ақ, ақшам намазы уақыты кіргеннен кейін де парызын оқығанша нәпіл намаз оқуға болмайды, үкімі – мәкруһ. Бұған қатысты Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: «Қалаған адам әр бір айтылған азан мен қамат арасында намаз оқиды. Тек, ақшам намазында ғана оқымайды»[1]

Сондай-ақ, жұма намазында құтпа оқылып жатқан тұста да нәпіл намаз оқылмайды. 

 

[1] Табарани: әл-Әусәт.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: