25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Сурет бар бөлмеде намаз оқуға бола ма?

Сурет бар бөлмеде намаз оқуға бола ма?

Намаз

Тірі заттың суреті намаз оқушының арт жағында тұрса, намазына зияны жоқ дейді кейбір Ханафи ғалымдары (мәкруһ дейтіндер де бар). Ал, қарсы алдыңызда, төбеңізде немесе екі жаныңызда тұрса, мәкрух болады.

Әрине, ең абзалы артыңызда да суреттің болмауы. Өйткені, сурет бар жерге рахым періштелері кірмейді делінген хадисте. Намаз оқитын мекен періштелердің кіруіне кедергі келтіретін нәрселерден таза болғаны жөн. Сол себепті, намазды мүмкіндігіңізше сурет жоқ бөлмеде оқыңыз, не болмаса суретті алып не бетін жауып оқыңыз. 

Бұнымен қатар, жерге төселген төсеніш-паластардағы суреттердің де еш мәкруһтігі жоқ. Тек төсеніш сәжде жасағанда маңдай суретке дәл келетіндей орналасқан болмауы керек. Әйтпесе, төсеніштегі суретке сәжде жасап жатқан сияқты күй тудырады, сондықтан - мәкруһ (жайнамазсыз оқыған кісіге қатысты).

Және көрер көзге байқалмайтын кішкене суреттер немесе басы кесілген, жүзі өшірілген суреттер яки жансыз заттардың суреттері мәкруһ емес[1].

 

[1] Хашияту Ибн Ғабидин – 1/166-169 бет.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: