26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Шалбар, пижама, бриджимен намаз оқуға бола ма?

Шалбар, пижама, бриджимен намаз оқуға бола ма?

Намаз

Намазды белгілі бір киім үлгілерімен оқуға қатысты үкім жоқ. Шариғатта киінуді адамның әурет жерін жабуымен байланысты түсіндіреді. Яғни, киім таза болып, жұқа матадан тігілмесе, етпен ет боп жабысып әрі дене мүшелерін айқындап көрсететіндей тар келмесе, кез келген киім жарай береді.

Шалбар, пижама және сол тәрізді киімдер таза әрі кең-мол пішілген болса, бұл намазға кедергі келтірмейді. Ал, бриджиге келетін болсақ, олардың негізгі ерекшелігі – тар, дене мүшелерін айқындап көрсететін үлгіде тігілуі. Сондықтан, олар намаз оқуға жарамайды. Бірақ, бриджидің үстінен белдемше киілетін болса, онда жөн басқа.

Бұл жерде бір маңызды жайтты құлаққағыс еткен дұрыс. Тіпті, үйде бір өзің болған жағдайда да намазға өз көңіліңнен шығатын таза киімдерді киген жөн. Мейлі көпшілікпен, мейлі жалғыз намаз оқуға ниеттенген кезде аса қадірлі қонағымызды қарсы алғандай ұялмайтындай киінген дұрыс. Ұзын сөздің қысқасы, киімімізге басқа көңіл бөлуіміз керек, бұл бізді Алла Тағаланың разылығына бөлеп, Оның бізге деген рақымын арттыра түсетіні сөзсіз.

материал «Күнделікті діни сауалдарға жауаптар» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: